Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылы әскери жиынға қанша қазақстандық шақырылады

3000 азаматты әскерге шақыруФото: Gov.kz

Биыл 3000 әскери міндеті бар азамат әскери жиындарға шақырылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов 2026 жылғы 31 наурызда әскери міндеттілерді 2026 жылғы әскери жиындарға шақыру туралы бұйрыққа қол қойды.

Оған сәйкес, 2026 жылы әскери жиындарға 3000 әскери міндетті азамат шақырылады.

Құжат 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді.

Әскери жиындарды өткізу мерзімі – 2026 жылғы мамырдан қазанға дейін.

Айта кетейік, әскери жиындар – әскери басқару органдары мен әскери дайындыққа уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шаралар. Олар әскери міндеттілер мен азаматтардың әскери білімін арттыру және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның заңдарында көзделген өзге де жағдайларда өткізіледі.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 10 Сәуір, 2026 10:28