2026 жылы Қазақстанда танымал екі банкнота қолданыстан шығады

Ұлттық банк 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналымда жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк “Сақ стилі” банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырып жатқанын, 2026 жылдың соңына шығару жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкноталар айналымға шығып болғанын атап өтті.
Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
- 10 000 теңге – 2024 жылдың 28 маусымынан 2026 жылдың 27 маусымына дейін;
- 2 000 теңге – 2024 жылдың 25 желтоқсанынан 2026 жылдың 24 маусымына дейін.
“Ұлттық Банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған”, – делінген хабарламада.
"Шатасып қалдық": Қазақстандықтар айналымдағы 1 000 теңгелік банкноттардың көптігіне шағымданды
Ұлттық банк 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар болу уақыты бір мезгілде аяқталуы, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін. Сол себепті, мерзімді ұзарту халық пен бизнеске ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайға қарай ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі үлгідегі банкноталардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар айналымда қатар жүру кезеңі аяқталған соң, азаматтар барлық банктер мен "Қазпошта" бөлімшелері арқылы ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдарында мерзімсіз айырбастай алады.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк жаңа 500 теңгелік банкноттарды айналымға енгізген еді.