Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылы Алматы мен Токио арасында тікелей рейс ашылады

Фото: istockphoto.com

2026 жылы наурыз айында Алматыдан Токиоға тікелей рейс ашылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғаш рет ресми сапармен келген Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.

“Авиация саласында тараптар "Air Astana" және "Japan Airlines" әуе компаниялары серіктестігінде 2026 жылдың наурызында Алматы-Токио тікелей әуе бағытын іске қосу жоспарын құптады. Сондай-ақ жапон әуе компанияларының транзиттік рейстеріне қазақстандық әуежайларда қызмет көрсету және логистикалық терминалдар құру мүмкіндіктері қарастырылды”, – делінген хабарламада. 


Қазақстанда 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алу жоспарланған

Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көмек бермек


Сонымен қатар Қазақстан билігі медициналық мамандардың біліктілігін арттыру үшін заманауи жапондық технологияларды тартуға, сондай-ақ ерте хабарлау жүйелері мен тәуекелдерді мониторингтеу саласында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін білдірді. 

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстаннан Германияға тікелей рейстер ашылған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 22:19
Талқылау