2026 жылғы УЕФА Еуропа лигасының финалы Ыстамбұлда өтеді

Фото:Ашық дереккөзден
УЕФА Еуропа лигасының финалы 2026 жылдың 20 мамырында Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Бешикташ стадионында өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенті хабарлайды.
Финал өтетін стадион: Бешикташ
• Орны: Ыстамбұл, Босфор бұғазының солтүстік жағалауы
• Сыйымдылығы: шамамен 40 000 көрермен
• Иесі: "Бешикташ" футбол клубы
• Маңызды турнирлер тарихы: 2019 жылы УЕФА Суперкубогы осы стадионда өтті. "Ливерпуль" пенальти сериясында "Челсиді" жеңген (Есеп 2:2).
Бұл — стадионда өтетін УЕФА-ның екінші ірі халықаралық финалы болмақ.
Еуропа лигасының финалы туралы
• Биылғы финал — турнир тарихындағы 55-ші, және Еуропа лигасы форматына көшкеннен бергі 17-ші финал.
• Жарыстың жеңімпазы Еуропа лигасының кубогына ие болады — бұл УЕФА клубтық турнирлеріндегі ең ауыр трофей, салмағы 15 келі, тұтқасыз күміс тостаған.
• Сонымен қатар жеңімпаз клуб 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасына автоматты түрде жолдама алады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

