2026 жылдан бастап Үлкен Алматы айналма жолында жүру ақысы қымбаттайды
Фото: kolesa.kz
2026 жылдан бастап Үлкен Алматы айналма автокөлік жолында (ҮАААЖ) жаңа тариф енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігі ҮАААЖ бойынша жүріп өту төлем тәртібін реттейтін бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл өзгерістер жол жүру ақысын уақтылы төлеуге ынталандыруға бағытталған.
2026 жылдан бастап жол жүру тариф құнын арттыру жоспарлануда:
- Жеңіл автокөліктер үшін – 0,07 АЕК-тен 0,14 АЕК-ке дейін (605,5 теңге);
- Көлік құралдарының басқа санаттары үшін – санатқа сәйкес мөлшерде (толығырақ кестеде):

Фото: instagram.com/bakad_official
Айта кетейік, жаңа тариф 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 4 325 теңге) бойынша есептелген.
“Тариф жолда бір сағатқа тең мөлшердегі уақытқа және көлік құралының санатына байланысты есептеледі”, – делінген хабарламада.
2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі
Тарифтердің өзгеруімен қатар алдын ала төлем немесе кейінгі төлем қолданылған жағдайда 50% жеңілдік механизмін енгізу жоспарлануда:
- Алдын ала төлем – ақылы жолға кіргенге дейін жеке шотқа немесе көлік нөміріне ақша қаражатын аудару. Бұл жағдайда пайдаланушыға белгіленген тарифтің 50% мөлшерінде жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі беріледі.
- Кейінгі төлем – жолды жүріп өткеннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде төлем жасау жол ақысына 50% жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
- Егер төлем көрсетілген мерзім ішінде түспесе, 7 күн өткен соң берешек қалыптасады және жолақы жеңілдіксіз, толық мөлшерде өндіріледі.
“Талғар, Қарасай және Іле аудандарының елді мекендерінде тіркелген тұрғындарға арналған қолданыстағы айлық және жылдық абонементтердің құны өзгеріссіз қалады”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ бұған дейін Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңа АЕК мөлшері бекітілгені туралы жазған едік.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты