2025 жылы Қазақстанда зейнетақы төлемдері қалай өзгереді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) биыл зейнетақы төлемдері қалай өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәліметінше, 2025 жылға дейін зейнетке шыққан зейнеткерлерге төленетін төлем мөлшері 1 қаңтардан бастап 5% артады.
"Еске сала кетейік, БЖЗҚ төлемдері үкіметтің 2023 жылы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Оған сәйкес зейнеткерлікке шыққан азаматтарға төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы 6,5 пайыздық зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу ставкасы 5% артады. Бұл ретте, БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 теңге)", – делінген қор басылымында.
Жекелеген санаттардағы алушылар үшін:
- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектер;
- зиян және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген.
- жинақтары жалпы саны кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған тұлғалар үшін әдістеме ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтатын түзету коэффициенттерін қарастырады.
Жоғарыда аталған шарттардың біреуінен көп жауап беретін тұлғалар үшін ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағы таусылғанша жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері өсетіні туралы жазған едік.