Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылы қазақстандық балалар Ұлттық қордан 129 доллар алады

2025 жылы қазақстандық балаларға Ұлттық қордан аударылатын ақшаның көлемі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, биыл қазақстандық балалардың шоттарына Ұлттық қордан 129 доллар аударылады. 

"Биыл біз жақсы инвестициялық кіріс алдық. Инвестициялық кірістің жартысы балаларға есептеледі. Мен бұл жаңалықты қуана бөлісіп отырмын, өйткені менің де осы бағдарламаға қатысатын балаларым бар. Біз есептеп шықтық, биыл 6 921 035 бала қатысып отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) есептеуді аяқтады, балалардың әрқайсысына 129 доллар 32 центтен аударылады", – деді Сүлейменов Kazinform басылымына берген сұхбатында.

Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 29 долларға артық.

Еске салсақ, 2024 жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында Ұлттық қордан қазақстандық балалардың есепшоттарына 100 доллардан аударылған еді.

Талқылау