2025 жылы қанша қазақстандыққа тегін жер телімі беріледі?

Фото: shutterstock.com
Әрбір Қазақстан азаматы жер кодексінің 50-бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін тегін ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жер учаскесі жеке меншікке 0,10 гектар (10 сотық) көлемінде беріледі. Ол кезек тәртібімен үлестіріледі. Ал оны алу үшін "Электронды үкімет" порталы арқылы онлайн өтініш беру қажет.
2025 жылы Батыс Қазақстан облысында 1322 жер телімі бөлінген. Беруге дайын учаскелері бар өңір деректері:

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өңірлік жер қатынастары басқармасы деректері. Басқа өңірлерде — бос учаскелердің берілуі мен коммуникациялардың тартылуына қарай белгісіз
Қай өңірлерде жер телімдері дайындалып жатыр?
Мысалы, Алматы облысында 10 сотық жер үлестіру үшін жалпы көлемі 123 гектарды құрайтын 23 саяжай массивін қосу жоспарланып отыр.
Ұлытау облысында 10 сотық жер телімдері Сәтбаев қаласындағы "Байқоныс" ықшам ауданында және Жаңаарқа ауданында 150 учаске көлемінде дайындалуда.
Семейде жалпы 4,5 мың гектарды қамтитын 10 тұрғын массив анықталған (шамамен 17,5 мың учаске), осы аудандарда жер телімдері беріледі:
-
Ақсай
-
Суыкбұлақ
-
Бобровка
-
Жарқын
-
Аққайың
-
Жібек жолы
-
Кіші Ақтүбе
-
Степной
-
Қызыл кордон
-
Водный
Сонымен қатар Курчатов қаласында 42 гектар жер белгіленген.
Астана мен Алматыда 10 сотық алуға бола ма?
Астана мен Алматы қалаларында бос жер телімдері жоқ.
Астанада жеке тұрғын үй салуға арналған жерге сұраныс қала бас жоспарының мүмкіндігінен 25 есе артық, делінген УЗО (қалалық жер қатынастары басқармасы) ресми жауабында.
Шымкентте жер кезегі 2008 жылдан бері жылжымаған.
Krisha.kz ақпаратына сәйкес, тегін 10 сотық жерге кезек күн сайын өсіп келеді. Өткен жылы ресми мәліметтерге сәйкес, кезекте 3,9 миллион адам тұрған болса, қазір бұл көрсеткіш 4 миллионнан асып кеткен.
Көп адам кезекке тұрған өңірлер:
Алматы облысы – 1 284 488 адам
Түркістан облысы – 469 300
Ақмола облысы – 316 342
Ақтөбе облысы – 202 723
Атырау облысы – 168 140
Аз адам кезекке тұрған өңірлер:
Ұлытау облысы – 16 647 адам
Абай облысы – 35 000
Шығыс Қазақстан облысы – 45 700
Павлодар облысы – 59 000
Қалалардағы кезек саны:
Шымкент – 280 302
Астана – 247 795
Атырау – 133 778
Тараз – 130 477
Орал – 110 140
Семей – 32 220
Көкшетау – 32 095
Ескеретін бір жайт, мемлекет инфрақұрылымсыз жер учаскесін бере алмайды. Алдымен ол жерге электр жарығы мен су құбыры тартылуға тиіс. Сондықтан бос жер телімдерінің саны олардың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне байланысты артып отырады.
Еске салсақ, 24 мамырдан бастап кез келген қазақстандық азамат үй кезегіне тұра алады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?