Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

2025 жылдың ең танымал көлігі анықталды: RAV4 сатылым бойынша Corolla-ны басып озды

2025 жылдың басынан бастап сатылым деңгейі бойынша Toyota RAV4 моделі аңызға айналған Toyota Corolla-ны басып озып, көш бастады. Ал электрлі Tesla Model Y төртінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тойота рав4

Фото: pixabay.com

Focus2Move сарапшыларының дерегіне сәйкес 2025 жылы кроссоверлер мен пикаптарға сұраныс жоғары болған. Сатылым деңгейі бойынша алғашқы ондықта тұрған көліктердің ішінде 6 кроссовер мен 2 пикап бар.

Рейтингтің басында Toyota RAV4 тұр. 2025 жылдың алғашқы 2 айында бұл модельдің 73,9 мың данасы сатылған. Екінші орында Toyota Corolla тұр, әлем бойынша 70,8 мың данасы сатылды. Ал рамалы Ford F-Series бірден төрт орынға көтеріліп, үшінші орынға тұрақтады (69,8 мың данасы сатылған). 

Алғашқы ондықта тек бір электромобиль бар. Сатылым деңгейі түсіп кеткендіктен, Tesla Model Y төртінші орынға тұрақтады. Сарапшылардың дерегіне сәйкес, сатылымның төмендеуіне қуаттау станцияларының инфрақұрылымы дамымауы мен жеткізу қызметіндегі мәселелер және бәсекелестердің көбеюі себеп болуы мүмкін. 

2025 жылы ең көп сатылған көліктер: 

  • Toyota RAV4 — 73,9 мыңы сатылған (-11,4%);
  • Toyota Corolla — 70,8 мың (-26,4%);
  • Ford F-Series — 69,8 мың (+42,5%);
  • Tesla Model Y — 64,4 мың (-19,6%);
  • Honda CR-V — 53,5 мың (-25,2%);
  • Volkswagen Tiguan — 46,1 мың (+10,6%);
  • Chevrolet Silverado — 44,7 мың (-8,8%);
  • Hyundai Tucson — 44,6 мың (-9,8%);
  • Toyota Camry — 43,5 мың (-8,1%);
  • Kia Sportage — 39,3 мың (-7,7%).

Сарапшылардың дерегіне сәйкес, көлік нарығы әрі қарай да өзгере береді. Ал танымал көліктер қатарында дәстүрлі жанармаймен жүретін көліктермен қатар, гибридті және электр моторлы көліктер болады. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 18 Наурыз, 2025 13:50
Талқылау