Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшақтан шыққан шу, хиджаб мәселесі, орынсыз әзіл": 2024 жылы басы дауға қалып, қамауға алынған шоу-бизнес өкілдері

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары үшін ұлу жылы оңай болмады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірі қамауға алынса, енді біріне айыппұл салынды. Жеке көзқарасы үшін басы дауға қалып, әкімшілік жазаға тартылғандар да жоқ емес. Осы орайда Stan.kz тілшісі қоғамда қызу талқыға түскен оқиғаларды еске түсіріп, жылды қорытындылады. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

“Ұшақтан шыққан шу              

Шілде айында танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қамалғаны хабарланды.    

Әзіл әлемінің өкілі мас күйде ұшақта шу шығарып, бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Ол бордсеріктің нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Сол кезде ұрыс шығарып, боқтық сөздер айтқан. Сол үшін Қабатов бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Арада 1 аптадай уақыт өткен соң, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртас та ұшақта шу шығарып, басы дауға қалған. Өнер иесі ұшақта төбелес шығарып, жәбірленуші Асылбек Бекқайыров есімді жолаушыға күш көрсеткен. Салдарынан әуе кемесінің командирі полицияға жүгінді.

Астана әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 2-бөлігі "Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық" және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша Қайрат Нұртастың ісін қарап, оны 15 күнге қамауға алу жазасын тағайындады. 

Жеке шығармашылық концертінде Тұрсынбек Қабатов “Қайрат пен Әбдіжаппар дайындалып келуге кетті” деп жұртты күлкіге қарық қылды. 

 “Мас болып, полиция қызметкеріне кедергі келтірген”

6 шілдеде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталған видеосы пайда болды. Өнер иесі мас болып, полицейлерге бағынбай, олардың қызметіне кедергі келтірген. 

Полиция Toyota Camry көлігін тоқтатып, тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынсыз рөлде отырған. Әбдіжаппар Әлқожаның өзі басқа KIA Carnival көлігінде жолаушы болған. Бірақ ол сол сәтте тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Сот шешімімен әнші тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалды. 

Әнші Ұланғасыр Қами хиджабқа қатысты пікірінен кейін халықтың сынына ұшырап, тіпті істі болды. Ол “ерлер әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр” деген пікір айтқан. 

“Ерлер әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр”

“Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой... Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі – хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты”, – деп айтты хитмен.

Қоғам белсендісі Саида Сисембаева ішкі істер министрлігіне әншінің үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабы “Әлеуметтік, гендерлік, діни алауыздықты қоздыру” бойынша арыз түсірді. Әрі мұны әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты ақтау әрекеті деп атады.

Алайда құқық қорғау органдарының өкілі, әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.

“Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, – деді ІІМ. 

 “Көлігін бассейнге айналдырған”

Желіде NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабыловтың су толы көлікпен жүруі жұрттың ашуына тиді. 

“Жаздың ортасы болды. Ал сен әлі шомылмадың. Достарыңды белгіле”, – деп жазды Нұрдәулет Бексұлтан. 

ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. 

 “Жазадан құтылып кете жаздаған Тұрлыханов”

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылды. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған.

Алайда әйелі оны кешіргендіктен, әртіс жазадан құтылып кеткен. 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты істі қарағанын хабарлады. 

Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жазалау шарасы оған ескерту беруден 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасына өзгертілді. Қаулы заңды күшіне еніп, өнер иесі жазасын өтеп шықты. 

Фото: Видеодан скриншот

“Медбикеге дөрекілік көрсеткен”

Белгілі әнші Алтынбек Тәшімбетов ішімдік ішіп, тәртіпсіздік жасағаны үшін заң алдында жауап берді. "Kozachkov offside" Telegram арнасында оқиға орнынан фото жарияланды. Cуретте әнші Алтынбек Тәшімбетов екенін көпшілік бірден таныды. Өнер иесі мас күйінде медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, ғимарат ішіндегі жиһаздарды бүлдірген. 

Оның заңсыз әрекеті екі бап бойынша – әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы (қоғамдық орындарға мас күйінде келу, ең жоғары айыппұл – 5 АЕК) және медицина қызметкерлерін сыйламау (80-1-баптың 2-бөлігі) бойынша айып тағылды. Одан кейін өнер иесі 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Көп ұзамай "Жазамды минутына дейін өтедім" деп Алтынбек Тәшімбетов бостандыққа шықты. 

“Әзілдің соңы – әкімшілік жаза” 

Әзілкеш, стендапер Нұрасхан Басқожа желіде Madlen лақап атымен танылған Мадина Мамадалиеваның жеке басына қатысты мәлімдемесінен кейін 15 тәулікке қамауға алынды. 

Айта кетейік, әзілкеш стендап сахнасында жемқорлық туралы әзіл айтып, сынға қалған еді. Оның “ақшаны ұрлауды жалғастыра бересің. Сосын Дубайға қыдырып, Мадлен сияқты блогерлермен жатып, демаласың” деген әзілі көпшіліктің және блогердің ашуын тудырды.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылғанын (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі) мәлімдеді.

“Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап айту кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Сот айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. 

@vos_kz

Напомним, ранее в сети разгорелся скандал после того, как комик Нурасхан Баскожаев грубо пошутил про блогера Мадинахон Мамадалиева, более известную как Мадлен. "Можно дальше воровать деньги и всем уезжать в Дубай. И потом заказывать блогеров типа Мадлен к себе в Дубай и там спать с ними дальше и смотреть на то, как тонет целый север Казахстана", - произнес комик. Эти слова вызвали возмущение Мадлен. Она записала несколько stories на своей странице в Instagram, осудив Баскожаева за использование ее имени в оскорбительном контексте и заявила о намерении обратиться защищать свои права законным путем. Суд признал обвиняемого виновным в совершении административного правонарушения, предусмотренного частью 1 статьи 434 Кодекса об административных нарушениях, на него наложено административное взыскание в виде ареста сроком на 15 суток. Справедливое решение?

♬ оригинальный звук - vos_kz

"Жазықсыз кетіп барамын"

ARO лақап атымен танылған әнші 15 күнге қамалды. Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

“Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рөлді масаң күйде айдаған жоқпын. Ағама берген болатынмын. Ол да сап-сау еді. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылды. Не керек, 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым", – деп жазды ол.

Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді. Алайда көп ұзамай, парақшасынан жазбасын өшіріп тастады. 

 “Көлігімді бермеуім керек еді”

Қазан айында Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып өлтірді. 

Оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында болған. Автодромда арнайы трюк жасалуы қажет еді. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігінің үстінен секіруі керек болған. Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды. 

Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, оған ауыр бас-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы және үшінші дәрежелі кома диагнозы қойылған. 30 қазан күні жас жігіт алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Оқиға “ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша тіркеліп, тергеу басталды.

Блогер Бейбіт Әлібеков көлігіне қатысты оқиғаны түсіндірді.

"Батырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді бергенмін. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде болған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деді Әлібеков.

@imediacomqaz Известный казахстанский блогер Бейбит Алибеков сообщил, что парень скончался от полученных травм во время трюков на автомобиле. По словам блогера, Батырхан Ержан сам попросил у него машину ради трюка. #imediacomkz #казахстан ♬ оригинальный звук - iMediacomQAZ

“Танымайтын жігіттер балағат сөз айтқан”

Желіде әскерге шақырту алып шулатқан трансгендер Амилай жаппай төбелестен кейін жеті күнге қамауға алынды. 

Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталған. 

Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады.

Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді. Ол 11 желтоқсаннан бастап, жазасын өтеп шықты. 

Талқылау