Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2024 жылдың ең үздік өнертабысы анықталды

Popular Science журналының редакторлары гаджеттер, жабдықтар мен технологиялар арасындағы 2024 жылдың негізгі өнертабысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: lifewire.com

Журнал редакторлары ең таңдаулы инновациялық құрылғылар мен технологияларды 1988 жылдан бері анықтап келе жатқанын мәлімдеді. Негізгі инновациялық гаджет ретінде Apple компаниясына тиесілі Vision Pro шлемі таңдалды. 



"Vision Pro-ны қолдану бастапқыда күрделі көрінгенімен, қолданғаннан бірнеше минут өткен соң оның басқа да маңызды әрі таңғаларлық қабілеттерін аңғаруға болады", – деді редакторлар.

Инновациялық құрылғылар тізіміне Sony A9 III айнасыз камерасы, жинақы DJI Neo дроны, BOOX Palma электронды оқу құралы және Qualcomm Snapdragon X процессорлары кірді. 

"Ойын-сауық" санатында Zildjian ALCHEM-E гибридті электроакустикалық соққы қондырғысы үздік гаджет ретінде таңдалды. Ал “Аэроғарыш өнеркәсібі” бөлімінде Джобидің сутегі-электрлік әуе таксиінің прототипі басымдыққа ие болды.

"Жеке күтім" санатында ең жақсы өнертабыс ретінде Oura Ring 4 смарт сақинасы таңдалды. Ал "Автодан" Lincoln америкалық люкс автомобиль өндірушісінен шыққан Nautilus автокөлігінің медиа жүйесі, "инженерияда" Joule Hive жылу батареясы және  "Спорт" санатында Saga HoloBike тренажер велосипеді үздік деп танылды.

Ал "Үйде" санатында темекі шегетін орын Smart Indoor Pellet Smoker ең үздік өндіріс деп танылды. "Жедел қызметтер" бөлімінде орман өрттерін анықтау жүйесі, "Денсаулық санатында Shield тоқ ішектің қатерлі ісігіне қарсы скринингтік препарат үздіктер қатарына енді.

Айта кетейік, бұған дейін 2 ақпан күні АҚШ-та бағасы 3500 доллар тұратын Apple Vision Pro кеңейтілген шындық гарнитурасының сатылымы басталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау