2024 жылдан бастап еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылғандарға берілетін төлемақы мөлшері артады
2024 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылғандарға тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделеді.
Қазіргі таңда еңбекке қабілеттілігінен айырылған 87 мыңға жуық адам және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасы бар.
Бұған қосымша 5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Талқылау