Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер анықталды

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге қандай есімдер жиі қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы сәбилерге ең көп қойылған 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған. Мәселен қыздарға арналған үздік 10 есімнің тізімі әлі де солай толыққан. Ал ұлдар арасында Рамазан есімінің орныа Хaмза есімі алғашқы ондыққа енген.

Сонымен 2023 ұлдар арасында қойылған ТОП 10 есімге: Әлихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мұхаммaд, Хамза бар. 

Ал қыздар арасында бұл тізімде: Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Райан, Амина, Аяла, Айым есімдері тұр.

“Қазіргі тізімді 2013 жылмен салыстырсақ, ұлдар арасында Әлихан, Амир және Нұрислам есімдері, қыздар арасында Айша мен Амина есімдері әлі күнге дейін танымал”, – деді ведомство.

Талқылау