AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылдан бастап адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады

Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Мәми 5 маусымда өткен референдум еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға болғанын атап өтті. Айтуынша, Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашты.

"Жеке адамның құқығын қорғау әрі қарай күшейтілді. Осы реформа аясында Конституциялық кеңес орнына Конституциялық сот құрылатын болды. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады", - деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңестің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жыл сайынғы жолдауын жария етіп.


Ұлттық қордың ақшасы сотталғандар мен шетелдегі мәдени шараларға жұмсалған – депутат


Сонымен қатар, реформа аясында президенттің тікелей ұсынысымен Конституциялық сотқа жүгіну субъектілеріне Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қосылды.

"Жоғарыда аталған өзгерістер елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау жүйесін әрі қарай тереңдетуге жол ашты. Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның Конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуді қолдайды", - деді Конституциялық кеңес төрағасы.

Айтуынша, қазір "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң әзірленіп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр