2022 жылы Ораза қашан басталады
Ораза – мұсылманның бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, тамақ ішуден және өзге де оразасын бұзатын заттардан бас тартады. 2022 жылы Рамазан айы 2 сәуір басталып, 1 мамыр аяқталады.
Таң атқаннан күн батуына дейінгі аралық – ораза уақыты. Құранда ораза уақыты туралы былай делінген: "Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар".
Рамазан айы адамдарды тек нәпсісін тиюға ғана үйретіп қоймайды. Ол адамдарды жамандықтан сақтайды. Құранда айтылғандай, негізгі мақсаты – мұсылманды тазартып тақуалық деңгейге жеткізеді. Сонымен қатар ораза кезінде ырыс-берекетінің қадірін түсінеді. Әдетте түрлі тағамды жеп жүрген адам Рамазан айында күні бойы аштық сезімін сезінеді. Кешке ауыз ашқан соң судың да қадіріне жетеді.
Оразаның негізгі шарттары:
- Мұсылман болу. Ораза тек мұсылмандарға парыз. Ал жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ғибадаттарына қаза керек емес;
- Балиғат жасында және ақыл-есі түзу болу. Балалар мен ақыл-есі ауысқан адамдарға Рамазан айында ауыз бекіту міндетті емес. Олардың санасы толық болмағандықтан, мұндай жүрмейді;
- Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу. Науқастар мен жолаушыларға Ораза ұстау міндеттелмейді. Дегенмен ораза ұстаса, қабыл болады.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан