Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылы Қазақстанда ҰҚШҰ күштерінің бірлескен үш оқу-жаттығуы өтеді

2022 жылы Қазақстанда ҰҚШҰ күштерінің бірлескен үш оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағында "Өзара іс-қимыл-2022" жедел әрекет ету ұжымдық күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуын, барлау күштері мен құралдарымен "Поиск-2022" арнайы оқу-жаттығуын, күштер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарымен арнайы оқу-жаттығуын өткізуге дайындық басталды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық контингенттерін қайта топтастыруды автомобиль, әуе және теміржол көлігімен жүзеге асыру жоспарлануда.

Жыл сайынғы оқу-жаттығулар басқару органдары лауазымды адамдарының ҰҚШҰ Әскерлері (ұжымдық күштері) топтарын басқарудағы практикалық дағдыларының деңгейін және ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының іс-қимылдарын өткізу кезіндегі іс-әрекеттерінің үйлесімділігін арттыруға бағытталған.

Орталық Азия аймағындағы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы қауіп-қатерлерді бейтараптандыру бойынша бірлескен операциялар.

Қазақстанда өткізілген үш оқу-жаттығудан бөлек, ҰҚШҰ аясында қазан айында Тәжікстанда "Шекара-2022" бірлескен оқу-жаттығуын және Қырғызстанда бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2022" оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді.

Дана Русланқызы
Жұма, 17 Маусым, 2022 18:51
Талқылау