Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылдың маусымына арналған жұлдыз жорамал: Қай белгілердің жолы болады

Маусым айында Күн Юпитермен бір шаршы алаңда болады, бұл сәттілік пен жаңа жеңістерге ұмтылысты арттырады. 2022 жылдың жазында сәттілік пен тапқырлықты барынша пайдалану керек. Болып жатқан барлық өзгерістердің оң жақтарын табуға тырысыңыз. Осы айдың маңызды күні –12 маусымды жіберіп алмаңыз. Дәл осы күні сүйіспеншілікке толы Венера, құбылмалы Уранмен бірігеді. Бұл күні көптеген адамда ғашықтық сезімі оянады, бір көргеннен ғашық болу, күтпеген достық сезімі пайда болады. Сонымен қатар, қаржылық табыс әкелетін кезең басталады.

Ай, Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн сәуір айынан бастап бір-біріне жақындай түсті, ал 2022 жылдың 12 маусымында бір қатарға тізіліп тұрады.

Астрологтардың пікірінше, бұл процесс оң өзгерістер әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар өмірдің көптеген салаларында қауіпті арттырады. Бұл энергия ағынын тежеп, одан жыл бойына оң нәтиже алу үшін барлық күшті осыған бағыттау керек. Сонда сіз әлеуметтік және мансаптық өзгерістерді, тағдырдың басқа салғанын, күтпеген сынақтардан еш шығынсыз шығасыз. Сонымен қатар, маусымнан бастап бірнеше планета ретроградқа айналады: бұл Сатурн мен Нептун. Олардың ретроградтық қозғалысы адам өміріндегі оқиғалардың орын алу жылдамдығын бәсеңдетіп, маңызды жоспарларды өзгертіп жіберуі мүмкін.

Маусым айының басында, Сатурннан басқа, Ай мен Күн жұлдызды аспанға үстемдік етеді, бұл мына зодиак белгілеріне артықшылық береді: Тоқты, , Шаян, Арыстан, Таразы және Тауешкі.

Тоқты

Маусым айының басынан бастап жұлдыздар сіздің жағыңызда. Өткен айда жасай алмаған нәрселердің барлығын осы жолы орындауға болады. Бұл кезең тоқтылар үшін іскерлік байланыстар, жаңа ынтымақтастықты талқылау үшін қолайлы. Кез келген адамды өз дегеніңізге көндіре аласыз.



Торпақ

Шыдамды болыңыз, өйткені қолайлы кезең жақындай түсті, бірақ ол жаздың алғашқы күндерінен басталып кетпейді. Сіз кедергілерді жеңуіңіз керек, арам пиғылды адамдармен, алда кездескен мәселелермен күресуіңіз керек. Бірақ айдың соңына қарай сәттілік сізге толықтай оралады.

Егіздер

Маусым егіздер үшін ұзақ мерзімді жоспарлау, олардың мүмкіндіктерін байсалды бағалау үшін өте қолайлы. Ескі таныстарыңыздан күтпеген ұсыныс түсуі мүмкін. Қорықпасаңыз болады, енді қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін тәуекелге баруға болады.

Шаяндар

Шаяндарға үлкен жоспарлар, ауқымды жобалар және сәтті келіссөздердің уақыты сәл кейінірек түседі. Әзірше жұмысты тоқтатпаңыз және шаршамауға тырысыңыз, себебі айдың соңы қарабасқа толы болады. Сіз достарыңызбен жақсы уақыт өткізе аласыз, сондықтан демалып алуға болады.

Арыстандар

Маусымның бірінші жартысы арыстандар үшін өміріңізде маңызды болатын ерекше және қызықты оқиғамен есте қалады. Көптен бері ойлап жүрген жоспарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Мансап жолында өсуіңіз мүмкін, сондай-ақ, бұл кезең маңызды мәмілелер жасау үшін де тамаша уақыт.

Бикештер

Маусым айының басында бикештер сапарларға, соның ішінде ұзақ және алыс сапарларға шығуы мүмкін. Жолда сізге сәттілік серік болады. Қазір барлық жерде сіздің жағыңызға шығуға дайын адамдарды табасыз. Сізде жаңа идея мен ұмтылыс, сондай-ақ мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін одақтастар болады.

Таразы

Тырысып көрсеңіз, маусымда сіз барлық нәрседе керемет нәтижелерге қол жеткізесіз. Өте жақсы мәміле жасауға мүмкіндік бар. Бұл уақыт іскерлік тұрғыдан ғана емес, жеке өмір тұрғысынан да қолайлы болмақ. Сіз өзіңізге қымбат адаммен қарым-қатынас орната аласыз. Мүмкін романтикалық қызығушылық, тіпті бір көргеннен ғашық болып та қалуыңыз ғажап емес.

Сарышаян

Тұрақсыз эмоцианалды фон сіздің жемісті жұмысыңызға кедергі келтіреді. Сіз әдеттегіден жиірек қателесесіз, ең қарапайым сұрақтарға көп уақыт құртасыз. Бірақ бұл кезең сабырмен отырып ойлануға қолайлы екенін ұмытпаңыз. Жағдайды қарастырып, содан кейін не істеу керектігін түсінесіз.

Мерген

Маусымның басында тәуекелге бармауға тырысыңыз, қолыңыздан келетін нәрсемен айналысыңыз. Аяқ-асты жоспарлармен емес, алдын ала жоспар бойынша жүріңіз. Сонда сіз ештеңе жоғалтпайсыз, керісінше ресурстарыңызды көбейте түсесіз.

Тауешкі

Оңай жеңістерге үміт артпауы керек. Табысқа жетуге болады, бірақ оған жету қиын. Барлығын өз бетіңізше жасауға тырыспаңыз, жетекшілік етіп, міндеттеріңізді басқаларға бөліп беріңіз. Көптеген адам сізді қолдауға дайын, бірақ олар бірден дұрыс бағытты таба алмай жатады. Күтпеген ақша көлемі түсуі мүмкін.

Суқұйғыш

Маусым айының басында тез әрекет етіңіз. Бұл күндер сіз үшін қолайлы, бірақ оны жіберіп алмау үшін сәттілікті бірден “құйрығынан” ұстау керек. Өзіңізге байланысты, маусым айының соңына қарай қаржылық жағдайыңыз айтарлықтай көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл ай жаңа романтикалық қарым-қатынасты бастау үшін тамаша уақыт болады.

Балықтар

Бұл айда өміріңізге өзгеріс әкелгіңіз яғни, жұмыс, қоршаған ортаны өзгерткіңіз келеді. Бірақ бұл шешім қауіпті, өйткені ол сізді дұрыс емес әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Өзіңіз айналысатын шаруаларға назар аударуға тырысыңыз және барлық тәуекелді шілдеге қарай жоспарлаңыз. Сіздің өмірлік әлеуетіңіз жоғары деңгейде, жігерлі, қуаттысыз. Адамдардың көз алдында жүріңіз, жағымды таныстық оқиғасы болуы мүмкін.

Талқылау