Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылдың ортасында COVID-19-ға қарсы жаппай вакцина салу басталады

Келесі жылдың ортасында COVID-19-ға қарсы жаппай вакцина салу басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

коронавирус

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғашқы ресми тіркелген вакцинаның өндірісі осы жылдың соңына дейін басталады деп күтеді. Қазір әлем ғалымдары коронавирусқа қарсы 150-ден астам түрлі дәрі-дәрмектерді сынап жатыр.

Адамзаттың коронавирусты толық жеңуі үшін жер бетіндегі барлық адамның кем дегенде 70 пайызы оған қарсы вакцинациядан өтуі керек. Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова айтты. 

Ол біздің еліміз вакцина тегін берілетін мемлекеттер тізіміне кірмейтінін атап өтті.

Дегенмен оның айтуынша, Қазақстан препаратты келесі жылдың ортасында алады.

"Көпшілігі коронавирусқа қарсы вакцина инфекцияны жұқтырады деп қорқады, ондай ештеңе жоқ. Қазіргі кезде осы саланың көшбасшылары жасап жатқан вакциналарда бұл вирус туралы жасанды ақпарат бар. Сондықтан бұл вакциналар коронавирусты жұқтыра алмайды", - деді ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Қараша, 2020 09:00
Талқылау