Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылдан бастап Алматыда ауадағы озон мөлшері өлшенеді

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында алғаш рет ауадағы озон мөлшері өлшенетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы

"Казгидромет" мәліметінше, 2013 жылы Финляндия метеорологиялық институты жүргізген бірлескен экономикалық зерттеу бағдарламасының ұсынымы негізінде "Қазгидромет" РМК қалалар мен елді мекендерде атмосфералық ауадағы озон мөлшерінің бақылау желісін кеңейту жұмысын жүргізді.

Келесі жылдан бастап Алматыда озонның мөлшері төрт автоматты бақылау бекетінде өлшенеді. Олар мына мекенжайда орналасқан:

- Ахметов көшесі, 50, аэрология стансасы (әуежай ауданы);

- Р. Зорге көшесі,14, Түрксіб ауданының АІІБ;

- Жанқожа батыр көшесі, 202, "Шаңырақ" шағынауданы, №26 мектеп;

- әл-Фараби даңғылы, Науаи көшесінің қиылысы, "Орбита" шағынауданы ("Зеленстрой" АҚ дендропарк аумағы).

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауадағы озон концентрациясын бақылау Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Атырау, Тараз, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Петропавл, Түркістан, Павлодар, Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Бейнеу кентінде және "Бурабай" фондық мониторинг стансасында жүргізіле бастайды.

"Алдағы уақытта озон көрсеткішін "AirKz" мобильді қосымшасынан және "Қазгидромет" РМК интерактивті картасынан көруге болады", - делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр