Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылы азық-түлік бағасы әлемдік рекордты жаңартты

2020 жылы азық-түлік пен шикізаттың бағасы соңғы үш жылмен салыстырғанда қымбат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап. 

Бұл ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (FAO) негізгі азық-түлік тауарларының халықаралық бағаларының ай сайынғы өзгеруін көрсететін ФАО-ның азық-түлік бағалары индексінің мәліметтері негізінде жариялады.

Желтоқсан айында индекс 107,5-ге көтеріліп, қарашадан 2,2% -ға өсті. Бұл соңғы алты жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 2020 индексі бойынша орташа деңгей 2019 жылмен салыстырғанда 3,1% жоғары. Алайда, ФАО есебінде көрсетілгендей, бұл 2011 жылы тіркелген тарихи рекордтық көрсеткіштен 25% төмен. Нақтырақ айтсақ, ФАО өсімдік майының индексі желтоқсанда 4,7% -ға өскенін айтады. Бұл 2012 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары көрсеткіш.

Астық бағасының индексі де өсуді жалғастырды, қараша айымен салыстырғанда 1,1% -ға және 2019 жылғы орташа деңгеймен салыстырғанда 6,6% -ға өсті.

ФАО сарапшылары түсіндіргендей, бидайға, жүгеріге және күрішке экспорттық бағалардың өсу тенденциясы Америкада, сондай-ақ Ресейде болжанған жоғары өнімділік пен ауа-райы жағдайларына қатысты тұрақсыздықпен байланысты.

Желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда 3,2% -ға өсті сүт өнімдері бағаларының индексі жеті ай қатарынан өндіруші елдерде өнімнің осы түрінің жоғары ішкі тұтынуы аясында сұраныстың артуына байланысты өсіп келеді. ФАО азық-түлік бағасының өсуін тек пандемиямен байланыстырғысы келмейді. 

STAN.KZ
Жұма, 08 Қаңтар, 2021 08:40
Талқылау