Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылы 410 километрден астам теміржол төсеміне жөндеу жүргізілді

Тасымал процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету «ҚТЖ» ҰК» АҚ ең басты міндеттерінің бірі болды және қалып та келеді. 

Жыл сайын пойыздар қозғалысының кепілді қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар әзірленеді. Пайдаланудағы темір жолдарды ұстап тұрудың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. 

Ағымдағы жылы 890 км астам теміржол төсемі жаңғыртылды. Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 416 км темір жолы күрделі жөндеумен қамтылды. 

Бұл ретте салалық ведомствоның жоспарлы тексерісі барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл жұмыстар жүргізілді. Бүгінде аталған магистральдық желі шегіндегі пойыздар қозғалысы кесте бойынша жүзеге асырылуда. 

Рельстік жолтабанды жаппай ауыстыру 181 км жүзеге асты. Кешенді жол машиналарымен 4600 км астам жол сауықтырылып, 280 км ластанған балластқа тазартылып, 435 км жолға түзету мен тегістеу жүргізілді. Atlas жол машинасының көмегімен 2000 км астам рельс ажарландырылды. 

Жол жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін 185 данадан астам  техникалық құрал жаңартылып, 1130 данадан астам шағын механизациялы құрал сатып алынды. Өткізіліп жатқан жол жұмыстарының технологиялық процестерін сақтау үшін жол шаруашылығы жұмыскерлері штаты мен санының нормативі қайта қаралды. 1000 астам өндірістік персонал қызметкерлері біліктілікті арттыру курстары мен оқытудан өткізілді.  

Атқарылған жұмыстар кешені жолаушылар мен жүк пойыздары үшін қозғалыс жылдамдығын арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік берді. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр