2020 жылдың "Оскар" марапатын иеленгендердің тізімі шықты
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 92 -ші "Оскар" марапатын табыстау салтанатты рәсімі аяқталды. Ең басты жүлдені корей режиссері Пон Джун-хоның "Паразиты" фильмі иеленді. "Оскар" тарихында бірінші рет бір кинотуынды "Ең үздік шетел фильмі" және "Ең үздік фильм" атағын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Джокер" фильмінде басты рөлді сомдаушы Хоакин Феникс "Ең үздік актер" атанды. Осылайша американдық әртіс осы кейіпкерді ойнағаны үшін төртінші рет үздік актер деп танылды. Онымен бірге үздік актер атануға Антонио Бандерас («Боль и слава»), Леонардо ДиКаприо («Однажды в… Голливуде»), Адам Драйвер («Брачная история»), Джонатан Прайс («Два Папы») үмітті болыпты.
"Ең үздік актриса" номинациясына Синтия Эриво («Гарриет»), Скарлетт Йоханссон («Брачная история»), Сирша Ронан («Маленькие женщины»), Шарлиз Терон («Скандал») және Рене Зеллвегер («Джуди») ұсынылыпты. Алайда Рене Зеллвегер басқаларын басып озды.
"Ең үздік фильм" номинациясына үміткер болғандардың қатарында «Ford против Ferrari», «Ирландец», «Кролик Джоджо», «Джокер», «Маленькие женщины», «Брачная история», «1917», «Однажды в… Голливуде» және "Паразиты". Дегенмен кореялық "Паразиты" фильмі қалғандарын артында қалдырды.
Үздік деп танылған "Паразиты" фильміне басшылық жасаған Пон Джун-хо "Ең үздік режиссер" атағын иеленді. Корей режиссерімен бірге Мартин Скорсезе («Ирландец»), Тодд Филлипс («Джокер»), Сэм Мендес («1917»), Квентин Тарантино («Однажды в… Голливуде») бақ сынасыпты.
Бұған қоса "Однажды в… Голливуде" фильміне түскен Брэд Питт "Екінші пландағы үздік актер" деп танылыпты. Атап кетерлік жайт, бұл танымал әртістің актер ретінде алған алғашқы "Оскары". Оның әріптесі Лора Дерн «Брачная история» фильмі үшін "екінші пландағы үздік актриса" атаныпты.
"Паразиты" туындысы тағы екі марапатқа ие болған. Гильдия мүшелері аталмыш фильмге "Ең үздік шетел фильмі" атағын ұсыныпты. "Ең үздік сценарий" номинациясы да осы фильмге берілген.
Сонымен қатар "История игрушек 4" мультфильмі "Ең үздік анимациялық фильм" марапатына ие болса, "Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм" номинациясын «Любовь к волосам» туындысы ұтып алыпты.
Режиссер Тайки Вайтитидің "Кролик Джоджо" кинотуындысына "Ең үздік бейімделген сценарий" марапаты табысталыпты.
2020 жылы "Оскар" марапатын жеңіп алған басқа да фильмдер:
"Ең үздік қысқаметражды фильм" - «Окно напротив»;
"Ең үздік қоюшы суретші" - «Однажды в… Голливуде»;
"Ең үздік киім дизайны" - «Маленькие женщины»;
"Ең үздік деректі фильм" - «Американская фабрика»;
"Ең үздік қысқаметражды деректі фильм" - «Научиться кататься на скейтборде в зоне боевых действий (если ты девчонка)»;
"Ең үздік дыбыс монтажы" - «Ford против Ferrari»;
"Ең үздік дыбыстық деректер" - «1917»;
"Ең үздік оператор" - «1917»;
"Ең үздік монтаж" - «Ford против Ferrari»;
"Ең үздік визуалды эффектілер" - «1917»;
"Ең үздік грим мен шаш үлгілері" - «Скандал»;
"Ең үздік композитор" - «Джокер»;
"Ең үздік ән" - «(I’m Gonna) Love Me Again» («Рокетмен»).
Осылайша ең үздік деп танылған "Паразиты" фильмі бірден төрт марапатты иеленген. Одан кейін 3 номинация бойынша "1917" жеңіске жетіпті.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
