2020-2021 оқу жылына қайта бөлінген грант иегерлерінің есімі белгілі болды

Қазақстанда 2020-2021 оқу жылына арналған жоғары білім гранттарын конкурстық тағайындаудан кейінгі пайдаланылмаған гранттардың «Серпін» (Импульс) бағдарламасы бойынша грант иегерлерінің есімдері аталды.

Грант иегерлерінің тізімін мына жерден таба аласыз.

Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында оқуға оңтүстік өңірлерден жастарды тарту және оларды әрі қарай жұмыспен қамту бағдарламасы 2014 жылы басталды. Осы бағдарлама бойынша жыл сайын бес мың грант бөлінеді.

ҚР білім және ғылым министрлігі «Серпін» бағдарламасы бойынша алғаш 2018 жылы түлектер бітірді деп хабарлады. Содан кейін 931 адам оқуын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мемлекеттік білім грантына үміткерлер саны 80 мыңнан астам адамды құрады. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + 2700 медициналық мамандықтарға) қазақстандық талапкерлер мемлекет есебінен білім алу мүмкіндігіне ие болды. 2020-2021 оқу жылына ең көп грант саны «Ақпараттық технологиялар» мамандығына бөлінді - 2 468.

Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 грант бөлінді.

Коронавирустық пандемияға байланысты қазақстандық студенттер онлайн оқыту форматына көшкен. Олар қысқы сессияны Жаңа жылға дейін қабылдайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр