Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылы Бараат түні қашан болады?

Құрметті мұсылман бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігі мұсылман күнтізбесі бойынша 2019 жылы Бараат түнінің қашан болатыны жайлы мәлімет ұсынады.

2019 жылы Бәрат түні қашан болады?

Хижра бойынша Шағбан айының ортасында бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті Ләйләт Әл Бараат түнін күтеді. 2019 жылы ол 19 сәуірден 20 сәуірге қараған түнге түседі. Бұл ерекше күн, өйткені дәл Бараат түні Жаратушы сенушілердің дұғаларын қабыл етеді. Ол шын сеніп, ғибадат еткендерді рақымына бөлеп, тәубесін қабыл ала отырып, күнәларын кешіреді және марапаттайды, адамдардың тағдырын шешеді.

Бараат түні – Құран Кәрімнің Ләухул мағфуздан дүниенің көгіне түсірілген түні. Бұл түні Алладан күнәлардың кешірілуін, қарыздардан құтылуды сұрап, рақымқышылық алуға болады. Сондықтан да бұл түні көп дұға етіп, істеген істеріңізді қайта ойланып, қарап шығуға кеңес беріледі.

Барат түнінің мұсылмандар үшін маңызы

Араб тілінен аударылғанда «Бараат» сөзінің мағынасы «тазарту», «арылу» дегенді білдіреді. Сондай-ақ бұл түнді дұға жасау, жауап алу, үлестіру, рақымшылық алу түні дейді. «Ләйләт әл-Бараат» – бұл Жаратқанның зор мейірімі мен күнәдан тазарту түні. Бір шынайы хадисте: «Бұл түнде Алла құлдарының жағдайына қарап, өкінгендердің бәрін кешіреді. Тек пұтқа табынатындар мен жаратпайтындар ғана Алладан рақымшылық алмайды» делінген.

Барат түнін қалай өткізуге болады және не істеу керек?

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына: «Шабан айының ортасында түн түсе салысымен, дұға етіп, күндіз ораза ұстаңдар» деген. Өйткені Құдіреті шексіз Жаратушы жер бетіне мейірімін жіберіп: «Менің алдымда өкінетіндер бар ма? Менен қайырымдылық сұрайтындар бар ма?» деп таң атқанға дейін адамдардың дұға-тілектерін тыңдайды. Бұл қасиетті түнде мұсылмандар Аллаға сәлем жолдап, оған рахмет айтады, жақсы амалдарды қабылдауға, күнәларды кешіруін сұрайды.

Бұл түні мұсылмандар өз өмірі мен жыл бойы жасаған барлық істер туралы ойлануы керек. Егер оның барлық іс-әрекеттері жақсы болмаса, кешірім сұрап, бұл қателікті жібермеуі керек. Егер сіз біреуді бір жыл бойы ренжіткен болсаңыз немесе араз болсаңыз, кешірім сұрап, бауырлар секілді достасу керек, өйткені біз бәріміз бір-бірімізге бауырмыз.

Сондай-ақ, кез-келген қастандықтан, арамдықтан, ашудан, мақтаншақтық пен өркөкіректіктен бас тарту маңызды. Әйтпесе, олар бізді Бараат түнінде тазарудан алыстатады. Бұн түнді дұрысы намаз, Құран оқып, дұға жасап өткізген жөн. Сонымен бірге, марқұмдарды еске алып және Алладан олардың күнәларын кешіруін тілеп, рақымшылық сұрау керек. Ана-ананы құрметтеп, үлкендерге құрмет көрсетіп, балаларға қасиетті Әл Бараат түнінің маңыздылығын түсіндіріңіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр