Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылы парақор 1002 лауазымды тұлға ұсталды

2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 1002 лауазымды тұлғалар сотқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күзетші болу үшін 1 млн теңге: Елімізде жұмысқа тұру үшін

 Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. 

Шпекбаев сөзінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2 мыңнан аса ұсыныстар енгізілген, 800-ден аса ұйымдастыру шаралары қабылданып, 63 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер жасалды. Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша 3 мыңға жуық ұсынымдар енгізіліп, нәтижесінде 1 175 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қылмыстық-құқықтық шаралар нәтижесіне тоқталсақ, 1 717 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, оның жартысынан астамы парақорлық фактілеріне тиесілі. 1002 лауазым иесі сотталды. Адамдардың кең шоғырының қатысуымен болған жүйелік жемқорлық ең қауіпті болып тұр. Есепті жылда осындай 112 факті анықталды. Келтірілген шығын сомасы 24,6 млрд теңгені құрап, 22,7 млрд теңгесі өтелді», - деп мәлімдеді Шпекбаев. .

Бұған қоса ол квазимемлекеттік секторда 324 жемқорлық қылмысы анықталғанын, 160 лауазымды тұлға сотталғанын атап өтті.


 

 

STAN.KZ
Жұма, 31 Қаңтар, 2020 12:51
Талқылау