2019 жылы жұрттың назарында болған атышулы үш оқиға

Өткен доңыз жылында шуға айналған оқиғалар қайсысы? Stan.kz ақпарат агенттігі тізімін жасап көрді.

пойыз

1.    Жыл басында "Тұлпар-Тальго" пойызының екі жолсерігіне қатысты әйелді жабылып зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға өткен жылдың 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында «Тальго» пойызының купесінде болған. Купе ішінде бір ер адам болған.

Елді шулатқан іске 25 желтоқсанда нүкте қойылды. «Тальго» пойызында «әйел зорлады» деп айыпталған жолсеріктерге қатысты сот үкім шығарды. Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша «айыпты» деп танылды. Олар 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

Ринат Зайытов

2.    10 маусымда кешкі сағат 18.00 кезінде "Алғабас" шағын ауданындағы "Алатау" театры алдында Ринат Зайытовтың үндеуімен адамдар санкцияланбаған митингіге жиналды.

Полиция Ринат Зайытовты «Алматы Арена» маңынан ұстап, алып кеткен. Сол кезде алматылықтар көшеге шығып, билікке ақынды босату туралы талап қойды. Артынша ақын Instagram желісі арқылы өзінің қамаудан босап шыққанын хабарлаған еді. 11 маусым күні полиция өкілдері Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, оның үйіне жіберілгендігін мәлімдеді.

Әміржан Қосанов

3.    2019 жылы ең көп талқыланған тұлғалардың бірі - президент сайлауында кандидат болған Әміржан Қосанов болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтан соң көп дауыс жинаған Қосанов қазіргі президенттің басты қарсыласы деп аталды. 

Алматы мен Нұр-Сұлтанда, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын мәлімдеді. Ресми деректерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 700-ге жуық адам ұсталған. Наразылық шарасынан ақпарат таратқан журналистер де қамауға алынды.

Осы уақытта Әміржан Қосанов Тоқаевты құттықтай отырып, сайлауға бойкот жариялаған митингтерді жалған оппозиционерлердің арандатуы деп атады. Бұл мәлімдемесімен ол өзіне үміт артқан қазақстандықтардың ашуын туғызып, бұрынғы кандидаттың жақтастары оның әр сөзін сынап, Қосановқа нешетүрлі айыптар тағылды. Қазір Әміржан Қосанов аса белсенділік танытпайды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ол кісілер болмаса, қиналып қаламын": Гүлшарат Жұбаева ата-енесінің ерекше ықыласы туралы

Актриса бәріне үлгерудің құпиясын бөлісті

Дәрігерлер үйіне жіберген: Bek Air ұшқышының неден өлгені айтылды

Мамандар жүрегінен еш ақау байқамағанын айтады

Бір жасар қызды туыстары ұрып өлтірген

Дәл қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Еңбек министрлігі әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда зейнетке көп ақша жинау керектігін түсіндірді

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін есептеу туралы айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Қазақстанда коронавирустің жаңа түрінің таралуы туралы қауесет расталмады

Қазақстан Fed Cup-ты қабылдамады: Теннис матчы Қытайда өтуі тиіс болған

Матчты Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру ұсынылған еді

Қытайға пойыздар мен автобустардың қозғалысы тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде хабарлады

Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қыздың Гонконг тұмауымен ауыратыны анықталды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері: Қызда H3N2 тұмауы бар. Бұл анық

Сарапшылар қытайлық коронавирустың Қазақстан экономикасына әсерін айтты

Коронавирус індетінің әлемдік экономикаға теріс әсері күшті болады

Алматы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Бұл орындағы Серік Күдебаев басқа қызметке ауысты
Çàãðóçêà...