Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақы көлемі артатын болды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақыны 20 пайызға көбейтуге тапсырма берді.

TMhO775uH5URloQB4qeQQpD7Iix44E

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Тәуелсіздігімізге 25 жыл толған айтулы мереке қарсаңында мен үкіметке 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала туғанда берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы көлемін 20 пайызға арттыруды тапсырамын. Қазіргі таңда бізде туу көрсеткіші өте жоғарғы деңгейде – 55 пайызға дейін артып отыр”, – деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекеттің әрдайым әлеуметтік салаға көңіл бөліп келгенін және сол саясатты жалғастыратынын да айтты.

Бұған дейін елімізде 2017 жылдан бастап зейнетақы мөлшері де 20 пайызға өсетіні хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысында 54 жастағы инженер үшемнің әкесі атанды

Қазақстандық жомарт кәсіпкер 3 жасар науқас баланы Үндістанға апару үшін жеке ұшақ тауып берді

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Талқылау