Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылғы ең танымал мамандықтар тізімі жарияланды

Қазақстан жоғары оқу орындары Ассоциациясы оқуға тапсырушылар арасында ең танымал және танымал емес мамандықтарды атады.

20170810161621

«Биылғы талапкерлер арасында ең көп таңдалған мамандықтар арасында: халықаралық қатынастар, құқықтану, кеден ісі, дизайн, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бар», – деп атап өтті Ассоциация өкілі Гүлжамал Жапарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, техникалық мамандықты таңдаған талапкерлер арасында әсіресе: геодезия мен картография, стандарттау және сертификаттау, электроэнергетика, ақпараттық жүйелер, биотехнология мен фармацевтикалық өндіріс технологиясы, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника мен телекоммуникация, құрылыс мамандығын таңдағандар көп.

Ал геология мен пайдалы қазбалы кен орындарын барлау, тау-кен ісі, метталургия, машина жасау, құрал жасау, ағаш өңдеу технологиясы мамандықтары бойынша оқуға тапсырғандар аз болыпты.

«Медициналық мамандықтар арасындағы бәсеке бұрынғы қалпында қалды: стоматология, жалпы медицина мен фармацияға таңдау жасағандар көп. Ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтар танымал емес мамандықтар қатарында. Олар: жеміс-көкөніс өсіру, мелиорациялау, жерді қорғау және топырақ құнарлығын арттыру, өсімдіктерді қорғау және карантин мамандықтары», – деп атап өтті Жапарова.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

Астанада ұстаздардан ақша жинап, қысым көрсеткен мектеп директоры орнынан кетіп тынды

Ең аз баллға грант бөлінген мамандықтар анықталды

Биылғы грант иегерлерінің тізімі жария етілді

Талқылау