2017 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал
2017 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамалда көпшілікте оптимистік және жайлы көңіл-күй болатынсыңайлы. Көпшілік жеке басының мәселесіне емес қоғамдық дүниелерге көп алаңдайтын болады.
Көптеген адамдар өзінің және өзгенің арманын орындауға атсалысады. Жұлдыздар адамдардың жақсылыққа өзгеге қамқорлық жасауға құштарлығы ашылатынын ескертеді. Сізді денсаулық пен махаббатта, жұмыста қандай қызықтар күтіп тұрғанын төмендегі жеке мәліметтерден біле аласыз.
Тоқты. Желтоқсан айы келіп жыл аяқталғанымен Тоқтылар үшін бұл ай жаңа кәсіптің, жаңа іс бастауға нағыз тиімді болып тұр. Әсіресе кәсіпкерліктің жолы ашылып тұр. Осы айда жақсы серіктестер кездесуі әбден мүмкін.
Өзіңізге ұсынылған жаңа істер бойынша жақсылап ойланып, жүзеге асыруға күш салғаныңыз дұрыс. Тоқтының таңдауы түскен адамға ашық, шыншыл, адал болмасқа амал жоқ. Тоқтылар осы айда денсаулығыңызға көңіл бөліп, артық салмақ, артық тамақтан бас тартуға тура келеді. Көптен жоспарлап жүрген спортты қолға алыңыз.
Отбасылық жағдайға байланысты үлкендердің кеңесіне құлақ асқаныңыз жөн. Себебі сіздің жақындарыңыз ешқашан жамандыққа жетелемейді.
Торпақ. Торпақтар осы айда өз өмірі мен отбасына көңіл бөлуге уақыт таппауы мүмкін. Себебеі, желтоқсан айында торпақтар жұмыс туралы көп ойлауға мәжбүр. Көптеген Торпақтардың отбасында жақсы жаңалықтар болады.
Бірақ, ол жақсылық ұзаққа созылмауы мүмкін. Мүмкіндік туып жатса басқа мамандыққа ауысқаныңыз сіз үшін тиімді. Қаржы мәселесінде Торпақтар алданып қалудан сақ болыңыздар. Себебі іскерлік қатынаста сіщді алдағысы келетіндер көп болады.
Қосымша табыс көзі боларлықтай жұмыстар қарастыра бергеніңіз абзал. Ұсыныстар болып жатса осы жұмысыңызға сеніп, бас тартуға асықпаңыз. Себебі,бұл жұмыста қалуыңыз екі талай.
Егіздер. Бұл айда көптен күткен махаббатына үйлену жайлы ұсыныс тастаудың нағыз пісіп жетілген кезі. Себебі, сүйіктісіне сенімді егіздерді алдағы уақытта тек жарқын болашақ пен отбасылық бақыт, шынайы сүйіспеншілік пен махаббат күтіп тұр.
Шетелге шығып демалудың да сәті туып тұрған сыңайлы. Тек құжаттар мен билет сатып алуға ертерек қамданған жөн. Ай соңында мектеп кезіндегі махаббатыңызды кездестіруіңіз мүмкін. Тек бүгінгі ғашығыңызға күмәнмен қарап, қолыңыздағы алтыннан айырылып қалмаңыз.
Егіздер бұл айда ешкімнен де қорықпайды, ешқандай кедергіге алаңдамайды. Тек барлық жағдайдың таразы басын тең ұстауды ұмытпаңыз. Денсаулықта айтарлықтай қиындықтар жоқ. Тек салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз абзал.
Шаян: шаяндар осы айда өздеріне киім алып, көптен жоспарлаған бағалы бұйымдарға қол жеткізудің сәті түсіп тұр. Жұмыста өзіңіз қалаған биікке шығу үшін 24 сағат бойы жұмыс істеуге тура келеді. Жеке өмірде сізге басқосу жайлы ешкім ұсыныс жасамайды.
Ал ер адам болса өз таңдауына сезімін білдірсе, өміріңіз бірақ күнде өзгеріп шыға келуі әбден мүмкін. Денсаулығыңыз үшін монша, бассейн сынды сауықтыру алаңдарына барып тұруды ұмытпаңыз. Сіз нағыз өзін сүйетін жансыз. Тек аздап ой тоқтатып, ойлануға мұрша табыңыз.
Арыстан. Бұл айда өз көлігіңізбен алыс сапарға шықпағаныңыз жөн. Жақындарыңызбен түсінісуге тырысыңыз. Ашық әрі шынайы болған жағдайда ғана сіз көптеген мәселелерден аулақ боласыз. Бұл айда көптеген басқосуларда төбе көрсетпегеніңіз жөн. Денсаулығыңызды күтіңіз. Жақсы тамақтанып, өзіңізді күткеніңіз абзал. Бұл айда өзіңіз қалаған қажеттіліктерге жететін қаржыңыз болады.
Бикештер. Желтоқсан айында өзіңізге берілген уәделер мен жасалған келісімдерге үлкен жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн. Махаббаттада, жұмыстада көп сөйлеп сендіргісі келгендерге ашылабермеңіз. Өз мақсатыңызға жету үшін сізге үнемі дамуда, ізденісте болу керек. Бірақ уақтылы тамақ пен ұйықтауды ешқашан кейінге шегермеңіз. Себебі, денсаулығыңыз бірақ күнде кедергі болып,ісіңіздің күл талқанын шығаруы әбден мүмкін.
Таразы. Таразылар үшін желтоқсан айында бәрінен бұрын денсаулыққа көңіл бөлген дұрыс. Бұл жерде сіз тек күш алмайсыз, жаңа ойлар мен жаңа істің басталуына мүмкіндік аласыз. Отбасында сүйіктіңізге дөрекі сөйлеп, кемшілігін бетіне басып қарым қатынасыңызды қиындатып алмаңыз. Желтоқсан айында жұмыста адал әрі таза жолмен ақша табуға кіріскеніңіз жөн. Жаңа бастаманы, істі, кәсіпті қолға алсаңыз туыстарыңыз бен достарыңыз көмек қолын созып, қолдау көрсетері анық.
Сарышаян. Сізде осы айда талай қызықты жұмыстар күтіп тұр. Қуанышыңызға орай, бұл жолы құжаттармен жұмыс істемейсіз. Ал жоспарларыңызды жүзеге асыруға достарыңыз көмектеседі. Әйелдердің бойындағы сенімділігін арттырып, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынаста бола білгендері жөн.
Көп шығындалмайтын болсаңыз, жоспарларыңызға қаржы жиналып қалуы да мүмкін. Бұрынғыдай емес, бұл жолы жұрттың назарында болуға тырысасыз. Сарышаяндар қалайша ауырып қалғандарын түсінбей қалулары да мүмкін. Асүйде және көшеде жүргенде абай болыңыз. Өкінішке орай, әйел адамдардың ауруы асқынып, денсаулығы қатты сыр бере бастайды.
Мерген. Бар назарыңызды ауқымды жобаларға бағыттаңыз. Дәл қазір жинап қойған ақшаңыз жоқ болғандықтан, кезекті демалысқа дейін қамданып үлгеріңіз. Жақындарыңыз бен бастығыңыз сізге жоғары талаптар қоятын болады. Мәдени шараларға атсалысып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуыңызға тура келеді.
Физикалық жағдайыңыз жақсы болғанымен, жүйке жүйеңізді қалпына келтіруіңізге тура келеді. Бірақ, бұл үшін міндетті түрде психолог маманға бару шарт емес. Алдымен, психологиялық кітаптар мен позитивті желісі бар романдар оқып шықсаңыз болады.
Жеңілтік адамдармен көңіл қоспауға тырысыңыз. Мұнымен қатар, айналаңызда жүрген адамдардың ішінде сізді өмірінен артық сүйетін жан болуы мүмкін. Сүрбойдақтар осы айда өмірлік жарларын жолықтырады. Сол себепті, көңілді отырыстар мен кештерді жіберіп алмауға тырысыңыз.
Тауешкі. Айналаңыздағыларға моральдық қысым жасағанды доғарыңыз. Әсіресе, өзіңізге толықтай сенім артып жүрген жандарға. Орынсыз менменшілдігіңізді де көрсете бермеңіз. Желтоқсан айында түрлі хикаяға толы шытырман оқиғаларды бастан кешіресіз.
Қандай жағдай болмасын денсаулығыңызға абай болыңыз. Тауешкілердің денсаулықтарына абай болғандары жөн. Дәрігердің нұсқаулықтарын тыңдамасаңыз, жағдайды әбден қиындатып алуыңыз мүмкін. Мүмкіндік туа салысымен қуық жолын емдетіп алуға тырысыңыз. Жатар алдында тынышталдыратын шай ішіп жүріңіз. Жеке өміріңізде жолыңыз болайын деп тұр. Сүйіктіңізді кездестірген кезде, бақыттан басыңыз айналып, ерекше шабытқа ие боласыз.
Суқұйғыш. Қаржылай жағдайыңызды түзету өзіңіздің қолыңызда. Сол себепті, уақытыңызды босқа жоғалтпаңыз. Желтоқсан айында бар назарыңызды өзіңізге бағыттап, денсулығыңызды қалпына келтіріңіз. Өмірдің тек материалдық құндылықтардан құралмағанын ескеріңіз.
Мұнымен қатар, қажетсіз адамдармен сөз таластырып, уақытыңызды босқа шығындамаңыз. Сүйектеріңіздің саулығына абай болыңыз. Ауыр заттар көтермеуге тырысыңыз. Жүйке жүйеңіздің денсаулығын сақтап қалғыңыз келсе, майда-шүйде дүниелерге мән бермегеніңіз жөн. Желтоқсан айында аллергияңыз қатты қозып кетуі мүмкін.
Балықтар. Өміріңіздің кез келген арнасында тұрақсыздық орын алады. Көптеген оқиғалар еркіңізден тыс жүзеге асып, жүйкеңізді тоздыратын болады. Көңіл-күйіңіз Алматының ауа райындай сан құбылады. Ішкі қалауларыңыз бен мақсаттарыңызға көбірек назар аударыңыз.
Арқаңыздың ауырғанын қойдырғыңыз келсе, бассейнге жазылыңыз.
Көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыныңыз. Ең бастысы, асқазанға ауырлық түсіретін тағамдардан бас тартыңыз. Сүйіктіңізді қатты қызғанып, оған орынсыз ескертулер айтуыңыз мүмкін. Ұрысуға себеп іздей бермеңіз. Әйтпесе, сүйіктіңіз сізден мәңгілікке кетіп қалуы ғажап емес. Ал сүрбойдақтарға сүйіктілері отбасын құру туралы ұсыныс жасайды.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
