2017 жылдан бастап Nokia қайта сатылымға шығады
2017 жылы Nokia брендті смартфондар сатылымға қайта шықпақ. Алғашқыларының аңдатпасы 27 ақпан мен 2 наурызда Барселонада өтетін MWC 2017 көрсетіледі.
Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлайды.
Зияткерлік меншік иесі болып табылатын HMD Global компаниясы өздерін жетістік күтіп тұрғанына сенімді. Қазір сатылымға шығарылып жатқан түймелі телефондар нарықтан алынбайды, жаңа модельді смартфондармен қоса сатыла бермек.
Microsoft компаниясымен жасалған келісімге байланысты Nokia компаниясына 2016 жылдың 4-тоқсанына дейін смартфондар шығаруға шектеу қойылған.
Мамыр айында Nokia фин елінің HMD Global компаниясымен стратегиялық лицензиялық келісім жасасты. Осы келісімге сәйкес HMD Global компаниясы алдағы он жылда Nokia брендімен жаңа телефондар мен планшеттер шығарады. Келер жылы Nokia компаниясының кем дегенде екі Android-смартфоны жұрт назарына ұсынылмақ.
Жіберіп алмаңыз:
Жалған өнімнен сақтаныңыз: Телефон арқылы өнімнің сапасын тексеруге болады
Морган Фриман: Азан – әлемдегі ең әдемі дауыс (видео)
Автобус жүргізушісі мен кондуктор жол үстінде төбелесті (видео)
Жұмысшылар көлігін жөндегенше қыз бен жігіт елдің көзінше көлікте секспен айналысты (видео)