Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы шоу-бизнесте болған атышулы 5 оқиға

2016 жылы шоу-бизнесте түрлі атышулы оқиғалар болды. Өнердегі әйел қауымы отбасылық қиындықтары мен ерлерінен көрген қорлықтарын жұртқа жайып салды. Ал ер қауымы бір-біріне жұдырық ала жүгіруге дайын екендерін көрсетті. Stan.kz оларды бір шолып өтуді жөн көрді.

pINX_S-MDBk

1. Маусымның 10-ы күні болған оқиға тек Баян Есентаеваның отбасын ғана емес, барша қазақстандықты есеңгіретіп жіберді. Себебі, бұл күні танымал продюсерді оның күйеуі соққыға жыққан болатын. Жұдырық жұмсап қана қоймай, үш жерінен пышақтаған-ды. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, ол өлім аузынан аман қалды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

3 қараша күні Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жақында өткен қайта шағымды қарау шешімімен сот үкімі сол күйінде өзгеріссіз қалдырылды.Өзінің көлігінде жұбайын зорлап, бірнеше жерден пышақтаған Бақытбек Есентаев бірнеше қылмыстық бап бойынша айыпталуда. Бұған дейін Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне кешірім беруге дайын екенін мәлімдеген еді.

avuyf

2. Күні кеше Қарақат Әбілдина 20 жыл отасқан жолдасы Қыдырәлі Болмановты туған күнімен құттықтап, оған тоқал сыйлағысы келетінін айтқан-ды. Мұны естіген жұрт шуласып, түрлі пікір білдірді. Бірі әншіні айрандай ұйыған отбасының шырқын бұздың десе, екіншілері қос ғашықтың бұл шешімін құп көрген. Дәл осылай Қарақат пен Қыдырәлінің өнер мен өмірдегі достарының пікірі қақ айырылды. Артынша тоқал тақырыбының ойдан шығарылғаны белгілі болды. Мұны олар қазақстандық жастар көтеріліске шығып кетпесін деген ниетпен көтерген екен.

“Шарасыздықтан отырып көзіме жас алғанымды Қарақат қана көрді. Мен Қарақатқа “Тоқал туралы жаз!” дедім. Ол басында түсінбей қалды. Артынша оған жағдайды түсіндіріп, көпшіліктің бізді үлгілі отбасы ретінде білетінін, біздің отбасымыздағы “келеңсіздіктер” көпке қызық болатыны туралы айттым. “Бастапқыда қиын болатыны сөзсіз. Бірақ біз шыдап бағамыз” дедім оған. Жастар көтеріліске шықпады. Әлеуметтік желіде барлығы тоқал тақырыбын талқылады. Солай емес пе?” – дейді Қыдырәлі Болманов Vlast.kz басылымына берген сұхбатында.

55588877777-768x624

3. Отандық бағдарламалардың бірінде Жадо Сахиева әнші Меруерт Түсіпбаеваны талғамсыз әншілердің қатарына жатқызады. Осыдан кейін кейінгісі ашуланып, әлеуметтік желі арқылы жауап береді. Жауабында дизайнер Жадоның дене бітімін шошқаға теңеп, білімсіздігін бетіне басады. Бұған шыдамаған дизайнер оны сотқа береді. Алайда алғашқы сот отырысына Меруерт Түсіпбаева келмей қалады. Осыған орай, сот отырысы 10 қаңтарға ауыстырылады.

novyy-kollazh-8

4. Әнші Төреғали Төреәлі “Сырласу” бағдарламасына қонаққа келіп “Ерке менің арқамда танылып кетті” деген сарындағы ойымен бөлісіпті. Мұны Есентаеваға Ерке Есмаханның тыңдармандары жеткізген. Осыдан кейін Баян Есентаева Төреғалимен бірге жасалған жұмыс жайлы айтып, оған өзгелердің жұмысын сынай берудің жақсы емес екенін түсіндірмек болған.

“Менің әріптесім Төреәлі соңғы кездері өзгенің әртістеріне қатысты  жауапкершілікті өзіне алуды қатты жақсы көріп кетті! «Алло» ол ортақ туынды. Әнді Төреғали, клипті мен ұсынып біргелікте жақсы жұмыс істеген сияқты едік. Еркенің жеке әнші ретінде танылып жүрген уақыты Төреғалидікімен тең, екі жыл болды. Меніңше өзгенің еңбегін бағалай білу керек. Қымбатты Төреәлі, мен де мұнда өз жұмысымды білетін адамның бірімін…” – деп ашуланды Баян Есентаева. Продюсерлер мен қос әнші өзара араздасып, ортақ жұмыстарын тоқтатты. Осының салдарынан “Алло” комедиялық фильмінің түсірілімі кейінге қалдырылды. Алайда бүгінде Ерке мен Төреғали татуласып, дуэт орындап жүр.

15538537_758372264312968_1121213320133607424_n

5. Өткен жыл Ninety one тобы үшін табысты болды десек қателеспейміз. Себебі, аталған топқа қатысты қанша жағымсыз сын айтылса да, олар тыңдармандарынан айырылған жоқ. Керісінше жақтастарын тауып, тыңдармандарының санын көбейітті. Жастар олардың жаңа туындыларын асыға күтетін болды. Тіпті, шетелдіктер Ninety one тобының арқасында қазақ тілінде ән салатын болды.

Десе де, аталған топты даттаушылар өз пікірін білдіруге асықты. “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов қажет болса, жұдырық жұмсайтынын ескертті. “Ерболат және 91 тобы! “Есің барда еліңді тап” – деген мақалды еске түсірейін. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!” – деп жазды ол желідегі парақшасында. Әншінің бұл сөздері топтың жұмысына кедергі келтірмеді. Керісінше оларды аға буын да қолдай түсті.


Жіберіп алмаңыз:

Орны толмас шығын: 2016 жылы қайтыс болған танымал адамдар

Батырхан Шүкеновтің анасы: Ұлым адам қолынан қаза тапты деп ойлаймын

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Сұм тағдыры Қазақстан халқын алаңдатқан Айдана Қошанова тұрмысқа шықты

Талқылау