Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы қазақстандықтарды жылатқан 6 оқиға

Ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа демекші, өткен 2016 жыл қазақстандықтардың есінде түрлі оқиғалармен қалды. Қуанышты хабармен қайғылысы қатар жүрді. Күн сайын жантүршіктірерлік оқиғалар болып жатты. Stan.kz өткен жылы қазақстандықтарды жылауға мәжбүрлеген 6 оқиғаны еске алды.

огрн

1. Жамбыл облысында дәретханаға тасталған сәби

21 жастағы анасы сәбиін дәретханада босанып, оны сол жерге тастап кеткен екен. 2016 жылдың 3 қаңтарында Көпәділовтер отбасы жылап жатқан сәбидің даусын естіп, бірден полицияға хабарласқан. Құтқару тобы аязды күні туыла салысымен жалаңаш күйде дәретханаға тасталған баланы сыртқа алып шығатын адамды әрең таңдаған. Себебі, әжетхананың ойығы тар болған.

Ақырында фельдшер-диспедчер қызметін атқаратын  Ермек Меңдібаев Жамбыл жол жиегіндегі қоғамдық дәретхана шұқырына түсіп, сәбиді құтқарады. Ермек Меңдібаев алғаш жаңа туылған баланың дәретханаға тасталғанын естігенде шошып кеткен. Тіпті қорқынышты түс көргендей болғанын айтады.

«Біз келгенде шұқырдан сәбидің шырылдап жылап жатқаны естілді. Кішкентай тесіктен  6 жасар баланы түсірмек ой болды. Бірақ кішкентай бала сәбиді көтеріп алып бере ала алатынына күмәніміз бар еді. Жиналғандардың ішіндегі ең салмағы аз мен едім. Сөйтіп, екі қолымнан төбеден ұстап ішке түсірді. Бұл сәтте бала дыбыссыз жатты. Бала тынышталып қалған соң, баланы уайымдап, бойымды үрей биледі. Ішке түсіп баланы ұстағаным сол бала шырылдап қоя берді… Кіндігін зажиммен қыстырдым. Денесі жып-жылы. Жөргекке орасам құлатып аламын ба деп, жалаңаш күйінде тыстағыларға бердім»,- дейді Ермек Мендібаев.

Дәретханада туған қызға Жансая есімі беріледі. Осы оқиғаны естіген Ахметовтер отбасы оны асырап алмақ болады. Аталған отбасының шаңырақ көтергеніне 4 жылдан асқан екен. Осы уақытқа дейін отбасыларында бала болмаған. “Осы мәселе көтерілгеннен бастап жүрегім ауырды. Баланың ешқандай жағдайға кінәсі жоқ. Ол періште. Кеше осы “Үміт” балалар үйіне алып келетін шығар деп кешке дейін тостық. Бүгін таңнан бастап қызымызды күтіп отырдық. Қолыма алып, бауырыма бастым. Жүрегім елжіреп, көңілім босап кетті”,-дейді Елена.

Ал дүние есігін ашып үлгермеген сәбиін өлімге қиған ана бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ата-ана құқығынан айырылу туралы мәселесі басқа сот отырысында шешілмек

mymy

2. 15 жастағы қыз өзінің ағасынан жүкті болып қалған

61 жастағы ағасы өзінің 15 жасар жиенін зорлаған. Екеуінің жыныстық қатынасқа түсіп келе жатқандарына 4 жылдың жүзі болған екен. Осылайша 15-ке толған шағында Аруна туысқан ағасынан жүкті болып қалады. Бұл оқиғадан кейін Аруна анасымен және бауырларымен жертөледе тұруға мәжбүр болады. Үйден кеткен кезде өздерімен біге ешбір құжатты алмаған. Сол себепті отбасы жәрдемақы ала алмай отыр.

Бастапқыда өзінің жүкті екенін Аруна білмеген екен. Ол ағасының өзін ұрып қорқытқанын айтып жатыр. Қазір жертөледегі үйлерінде жиһаз атаулысынан шкаф, теледидар, үстал ғана бар. Бетонды еденнің үстінде ұйықтайды. 6 жасқа толған Бағдат мектепке бармағандықтан, жазып-сыза алмайды.

Көп ұзамай олардың жағдайынан хабардар болған “Аналар үйі” Аруна мен оның сәбиін өздеріне орналыстыруға келісімдерін береді. Аруна мұнда кәмелет жасына толғанша тұра алады. Бұдан кейін баспана алуға кезекке тұрмақ.

Өзінің кішкентай жиенін зорлаған 61 жастағы ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындаған. Бастапқыда мемлекеттік айыптаушы судьядан 20 жыл сұраған екен. Адам шошырлық оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар-ата ауылында болған.

peakvv

3. Бойжеткен Алматы-Талдықорған трассасындағы жол апатынан кейін аяғынан айырылды

2010 жылы Әсел Құсайынова Алматыдағы ЖОО-ның бірін тәмамдап, үйіне қайтуға асығады. Қуанышы қойнына сыймай алып ұшып келе жатқанда мінген көлігі жол апатына ұшырайды. Әсел көліктің алдыңғы жағына отырған. Жедел жәрдем қызметін күтпестен оны емханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер қолынан келетін дәрмен жоғын айтып, ата-анасын қыздарымен қоштасу үшін палатаға кіргізіпті. Әсел ессіз күйде жатқанда оның аяғын кесуге тура келеді.

Алайда бойжеткеннің жүрегін ауыртқан жалғыз мәселе бұл емес. Оның сөз байласып жүрген жігіті одан теріс айналып қана қоймай, Әселдің құрбысына үйленіп кеткен.  “Үйлену тойымыздың болуына екі апта қалған. Бәріне дайын едік. Кейін жігітімнің менің құрбыма үйленгенін естідім”, – деп бойжеткен сатқындық жайлы айтып берді.

Бүгінгі күнге дейін Әсел аяғына 30 рет ота жасатқан екен.Ем-дом шараларының арқасында ол ел қатарлы жұмыс істеп келген. Алайда жуырда құлап, ағы іріңдеп кетеді. Қазақстандағы мамандар бұрын-соңды протез салып көрмегендіктен, Әселдің емделу үшін шетелге шығуы керек болады. Осы орайда оған әнші Мақпал Исабекова көмектесті. Ол өзінің инстаграм парақшасын 1 500 000 теңгеге сатып, барлық ақшаны Әселге табыстады.

“Мен үлкен әлемнің кішкене ғана бөлшегі болғандықтан, жақсы іс жасап кеткім келеді. Бұл – менің сіздерге бағытталған осы парақшадағы соңғы жазбаларымның бірі. Менімен бірге болған әрқайсыңызға алғыс айтамын. Сенімдеріңіз үшін де рахмет. Сенім – үлкен жылжытушы күш, менің тірегім. Маған сенім артпаған жандарға да алғыс. Өйткені олар маған мықты болуыма көмектесті. Парақшам небәрі 10 сағаттың ішінде сатылды.

Бүгін мен осы парақшамның арқасында тапқан 1 500 000 теңгені Әселге табыстаймын. Қытайда жатқан бұл қызға жуырда ота жасалады. Мен ода барлығының жақсы болатынына сенемін Ин Ша Аллах. Әсел, тезірек жазылып, жақын адамдарыңыздың ортасына оралыңыз. Инстаграмды астаналық бойжеткен сатып алды. Өз атымнан іздеген дүниеңізді табуыңызға тілектеспін. Жақсылықты шексіз жасай беруге болады. Жақсы істер үнемі жасалып тұруы тиіс.

Бақытты, сүйікті, ашық жарқын, қуанышқа толы болыңыздар. Жасаған істеріңізде қолдау көрсетіп отыратын адам қастарыңыздан табылсын. Армандарыңызға ұмтылып, стереотиптерді жоққа шығарудан қорықпаңыздар. Өздеріңізге, мүмкіндіктеріңізге сеніңіздер. Үнемі мейірімділік туралы ойлауға тырысыңыздар. Жақындарым мен алыстарым, мейрамдарыңызбен! Жаңа жылда менің жаңа парақшамда кездесейік. Менен үлгі алған жан болса, бақыттан басым айналар еді”, – дейді Мақпал Исабекова.

20161207101011-1

4. Азамат Астана-Көкшетау трассасындағы ЖКО-да жапа шеккендерге көмектесемін деп қаза тапты

4 желтоқсан күні сағат 13:00-14:00 шамасында 100 шақты көлік Бурабай ауданы, Жаңажол ауылындағы жерлеу рәсімінен қайтып келе жатады. Алдыңғы лектегі Kia Rio көлігін “Ниссан” маркалы көлік соғады. Әлгі соққан көлік иесі көлікті жолдың шетіне шығару үшін сол жерде тұрғандардан көмек сұрайды.

Осы кезде Құмарбек асқа бара жатқан көлік ішінен түсіп, соғылған көліктің қасына келіп көмектесуге кіріседі. Әуелі терезені сындырып, үш жасар Данилді алып шығады. Жолай кездескен көлікті тоқтатып, сол арқылы баланы ауруханаға беріп жібереді. Көлік иесінің есімі – Кирилл Гончаров.

Осы кезде көлік иесі Ерлан мен Құмарбек марқұм іштегі әйелдерді құтқару үшін жанталасады. Іштегі қыздардың бірін қолынан тартып шығармақ болып жатқанда, артқы жақтан тағы бір автобус келіп соғады. Екпіні қатты болғаны соншалық Құмарбек екі көліктің ортасында қыстырылып қалып кетеді. Кейін оның өлі денесі автобустың астынан табылған. Құмарбек Жәкетайұлы Жаңажол ауылында тұрады екен. Моңғолиядан Қазақстанға 1991 жылы көшіп келген. Артында үш баласы мен әйелі қалды.

Аталған қайғылы оқиға салдарынан 1984 жылғы Алена Бухалюк (Астана тұрғыны), 1994 жылғы Қымбат Сәдуақасова (Зеренді ауданының тұрғыны), 1967 жылғы Айсұлу Кәленова (Астана тұрғыны) және 1966 жылғы Құмарбек Жакетайұлы (Бурабай ауданының тұрғыны) оқиға орнында көз жұмған.

14141-620x507

5. 22 жастағы қостанайлық Айгүл Құсайынова ауыр дертпен қалай күрескені туралы хат жазып қалдырған. Ол ақ халатты абзал жандарға да алғыс айтуды ұмытпаған екен. Хат оның өлімінен кейін жарияланды.

Хатта қыз өзін қолдаған Қостанай дәрігерлеріне алғыс білдіреді. Өмірдің мәнін басқаларға ұғындыра түсу үшін Айгүлдің әпкесі Нұргүл хатты жариялауға өтініш білдірген екен. Бойжеткен көзі тірісінде ЖОО-ны қызы дипломмен тәмамдап, Рудныйдағы орта мектептердің бірінде ұстаздық қызметін атқарып жүр екен.

“Жұмыс деп жүріп, денсаулығыма дұрыс қарамадым. Тек ауылдағы ата-анама барған кезде дұрыс тамақтандым. 3 курста да ауырғанмын, бірақ ол кезде де мән бермеген едім. Енді ұзаққа созылған сынақтан өтіп, әр адам үшін денсаулық ең бастысы екенін түсіндім. Сөйлегенде дауысым өзгеріп, әлсіздік басып, өзімді нашар сезіне бастадым. 2015 жылы қарашада эндокринологқа қаралдым. Қалқанша безден проблема пайда болды. Мен сосын ем ала бастадым. Бақыт деген сенің ішіп-жеп, тыныс алғаның екен. Ата-анаң, бауырларыңның қасыңда жүргенінен артық бақыт жоқ екен. Мен Құдайға сенемін және маған көмек көрсеткен барша адамға алғысым көп! Денсаулықты ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Бұл өмірдің ақиқаты. Алдағы ұзаққа созылатын ем тосып тұр, бірақ мен жақсылыққа сенемін!” – деп жазады Айгүл өзінің хатында.

Оны тұрғылықты мекен-жай құжаты жоқ деп Рудный ауруханасына жатқызбаған. Ал Зотобольсктегі дәрігерлер оның нақты диагнозын анықтай алмай, үйіне қайтарған. Кейін біраз уақыттан соң жансақтау бөліміне түсіп, қиын күндерді басынан өткізгенін жазады. Тіпті дәрігерлерден өлтіре салатын екпе салуын да сұрапты. “Өмірің алда, уайымдама” деп дәрігерлер оны сабырға шақырған.

20161223113616-768x512

6. Оралман қыз ата-анасын депортациялағандықтан, министрге хат жазған

Қытайдан Қазақстанға оралған қандастарымыздың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қайтадан кері қайтарыландар саны көп. 9 жасар Мейіргүлдің де ата-анасы осы себеппен Қытайға қайтарылған екен. Жасөспірім министр Қалмұхамбет Қасымовқа хат жазып, одан көмек сұраған.

«Қалмұханбет Қасымов атаға өтініш! Менің атым  Мейіргүл. Жасым 9-да. Алматы қаласындағы №93 мектептің 3 «ә» сыныбында оқимын. 2013 жылы Қытайдан Алматыға көшіп келгенбіз. Ол жақта қытай балабақшасында оқыдым. Ата-анам мені қазақша оқытамын, қызым қазақ болып өссін деп, мен үшін Қазақстанға көшіп келді. Әкемнің аты  Ұларбек, анамның аты  Оралхан. Бірақ әкем мен шешемді полиция құқық бұздың деп Қытайға шығарып жіберді. 5 жыл келе алмайды екен. Мен Алматыда жалғыз өзім қалдым. Мен ата-анамды қатты сағындым. Түнде төсекте жатқанда күнде жылаймын. Олар күнде түсіме кіреді. Тез келсе екен деп Алладан күнде тілеймін. Қалмұханбет ата мен секілді сіздің де немереңіз бар шығар, маған көмектесіңізші, өтінемін. Әкем мен шешеме және сондай кісілерге бір жолға рақымшылық жасаңызшы. «Нұр Отан» партиясына сол үшін Алматыдан келдім. Олар Қазақстанға тез қайтып оралсыншы. Мен оларды қатты сағынып кеттім», – дейді 9 жастағы Мейіргүл министрге жазған хатында.

22 желтоқсан күні “Нұр Отан” партиясы қоғамдық қабылдау бөлімі Мейіргүлдің ата-анасына хабарласып, қуанышты жаңалықты жеткізген. Олардың Қазақстанға келуі үшін арнайы виза берілген. Енді ата-анасы қыздарымен кездесе алатын болды.

“Ішкі істер министрлігі хат арқылы ҚР СІМ консулдық қызмет департаментіне өтініш жасады. Онда Қазақстанға келу үшін қыздың ата-анасы Ұларбек Сәмет пен Оралхан Тұрсынға виза беру керектігі қарастырылған”, – деді “Нұр Отан” партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Ауыт Мұқибекұлы.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық қыз өзін күштеп әкеткен жігіттің көлігінен секіріп мерт болды

ШҚО-да бойжеткен 4 жігітті зорлады деп айыптады, бірақ мұның жалған екені анықталды

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

Талқылау