Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"200 жасағым келеді": 128 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

128 жастағы Тайланд тұрғыны ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger порталына сілтеме жасап.

қария

Орн Парнчомпудың айтуынша, ол 1891 жылы Сиам Рама V – корольінің сайлауы кезінде 9 сәуірде дүниеге келген екен. 

Қарияның жұбайы және жеті баласы бар. Олардан 11 немере сүйіп отыр. Отбасы Тайландтың солтүстік-шығысындағы Ситарт ауданындағы Ни Сомбун ауылында тұрады. 

Жасына қарамастан Орн Парнчомпу баспалдақтан ешкімнің көмегінсіз түсіп-шыға алады. Сондай-ақ, кейде үй де сыпырады екен. Ол физикалық жаттығулар жасап, тек табиғи өнімдерді ғана жейтінін айтады. Ұзақ жасауының сыры да осы дейді. 

үлкен кісі

«Құрдастарым мен достарымның барлығы қайтыс болып кетті. Оларды қатты сағынамын. Бұйырса, 200 жас жасағым келеді», – дейді Орн Парнчомпу.

Айта кетсек, Индонезия тұрғыны  Мбах Гхото жер бетіндегі ең кәрі адам болып саналатын. Ол 2017 жылы 146 жасында қайтыс болды. Мбах ресми деректер бойынша 1870 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген.  

Талқылау