"200 мың теңгеден төлеген": Дженнифер Лопестің концертіне билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды
Фото: threads.com/@zarina.utenova
Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертіне алыпсатарлардан билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде концертке билет алып, бірақ орталық стадионға кіре алмаған қазақстандықтардың жазбалары пайда болды. Барлығының шағымы бір: қолында билет болса да, есіктегі тексерушілер бұл билеттердің қолданылғанын, оған дейін дәл сол билетпен басқа келуші кіріп кеткенін айтқан.
"Жеңге болып тұр": Қазақстандық ер адам Дженнифер Лопеске қамзол кигізді
Дженнифер Лопес қазақстандық қыздардың биін желіде бөлісті (видео)
“Алыпсатарлардан JLO-ның концертіне 2 билет сатып алдық. Сағат 16:00 келіп алып, кіргізу басталғанын күтіп тұрдық. Бірақ кірерде біздің билеттердің қолданылғанын, басқа келушілердің кіріп кеткенін білдік. Жанымда 200 мың теңгеге билет алып, кіре алмаған тағы 3 әйел тұрды. Олардың билеттері де қолданылған болып шықты”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Билетті сатқан алыпсатарлар “бірінші есікке барыңыз, тыныш өтіңіздер”, “бірінші күзетші қаталдау” деген секілді сылтаулар айтқан. Алайда келушілер бәрібір концертке кіре алмапты.

"Актер Жан Байжанбаев жарнамалаған": Алматылық ана қызының киноға түсуі үшін кастинг компаниясының 1,5 млн теңге несие алдыртуға мәжбүрлегенін айтты
