Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"200 миллион теңге айыппұл төлейді": Құралай Анарбекова киносын заңсыз таратқан алаяқтарды ұстады

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова “Брат или брак 3” фильмін заңсыз жолмен таратқан алаяқтарды сотқа берді. Бұл туралы “Ревю” бағдарламасына айтып берді. 

Фото: https://www.instagram.com/kuralay_corich/

Кинопродюсердің жарық көрген жобасы ел ықыласына бөленген еді. 

“Бұл жағдай бізді алаңдатты. Мен мұндай жағдай боларын алдын ала болжап, фильмді заңсыз көрсетуге қарсы компанияны жалдадым. Телеграм немесе тағы да басқа да әлеуметтік желілерде шығып жатса, бірден парақшасы бұғатталады. Қазіргі уақытта киномыз желіде жоқ. Бірақ кейбір Telegram-каналдарға шығыпты. 2-3 мың қаралым болған парақшаларды таптық. Енді нақты ол адамды сотқа беріп, үстінен 220 млн теңге айыппұл салдырып жатырмыз", – деді кинопродюсер. 



Айта кетейік, қазақ кино саласын дамытып жүрген продюсер Дариға Бадықова, Гүлнұр Мамасарипова да киноларының заңсыз таралып кететінін айтып, дабыл қаққан еді. 

“Біздің киноларымызды YouTube, Telegram желілеріне жүктеп жатқандардың есебі жоқ. Біз қашан адам боламыз?! Біреудің еңбегіне осыншама қастандық жасауға бола ма?! YouTube желісінен осы уақытқа дейін 60-қа жуық видеожазбаны бұғаттадық. Сонда да таусылмайды. Ел де көруге құмар. Санамыз қашан өседі біздің?! Біз авторлық құқықты қорғай алмайтын қоғамда өмір сүреміз. Telegram-ға түк те істей алмай жатырмыз. Ол жақтағылар көшіріп, 500 теңгеге сатып жатыр екен. Түбін табу мүмкін емес. Мұндай қарақшылықты қолдамаңыздаршы, өтініш! Үйіңдегі дүние-мүлік пен қораңыздағы малды ұрлағанмен бірдей ғой”, – деп ренжіген еді продюсер Гүлнұр Мамасарипова. 

Еске салайық, Құралай Анарбекованың фильмі екі аптада 1 миллиард теңге жинаған еді  

Талқылау