"200 миллион, 250 костюм": Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклі қалай өтті
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы Queen show концертінің бюджетін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Өнер иесінің айтуынша, продюсерлікпен айналысқанына – 30 жыл.
“Әлемнің қаншама алпауыт елдерін араладым. Қаншама түрлі шетелдік концерттерді көрдім. Солардан тәжірибе жинақтадым. Қашанғы бірсарынды концерт қойып, фонограммамен ән айта береміз. Шоуға бір жарым ай дайындалдым. 5-6 рет қана дайындыққа келдім. Содан болар, сахнаға шыққанда қатты қобалжып, әнімнің сөзін ұмытып қалдым. Шоудың демеушісі – жолдасым. 200 миллионнан аса қаражат кетті”, – дейді продюсер.
-
"Микрофонға әрең жеттім": Мақсат Базарбаев алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды
-
"Бағасы – 12 миллион теңге": Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат дүниесін көрсетті
Сонымен қатар мюзиклдің билет құны да арзан болмаған көрінеді. Өнер иелерінің тең жартысы шақыру билетімен келген.
“Мені арнайы шақырды. Бірақ Баянның еңбегін бағалап, билетті сатып алуға да болатын еді. Талай жұлдыздың жолын ашқан шоу-бизнестегі бірегей тұлға” деді актер Азамат Сатыбалды.
“Мен 100 мың теңге тұратын ең қымбат билетті сатып алдым. Әпкеме осылай қолдау білдіргім келді”, – деп ағынан жарылды актер Айдар Асқарбек.
“Маған шақыру билеті келген. Бірақ мен бас тарттым. Билетті өзім сатып алдым. Концертке менің де қосқан үлесім бар. Өйткені 20 күн ішінде 250 сахналық көйлек тіктік. Мен идеямды ұсынамын, соңғы сөзді продюсердің өзі айтады”, – деді дизайнер Назым Карпыкова.
Еске салайық, продюсер мюзиклге өзінің жеке өмірін де кірістірген еді.