ШҚО-да құтқарушылар салмағы 200 келі сиырды құтқарды
Шығыс Қазақстанда жартасқа шығып, түсе алмай қалған сиырды төтенше жағдай қызметкерлері түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жоғалған жануарды құтқару бойынша арнайы операцияны Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүргізуге мәжбүр болды.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы арқандардың көмегімен жануар тұрып қалған жерге түсіп, оны байлап, таудың басына сүйреп шығарды.
- Павлодар облысында әйелдің көзінше итті атып өлтірген (видео)
- Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін су құбырына құлап кеткен
Барлығы алты құтқарушы жұмылдырылып, салмағы 200 келіден асатын жануарды аман-есен шығарды.
Көпшілік құтқарушылардың әрекетіне тәнті болды.
“Отбасы үшін бұл асыраушы”, “Жігіттер жарайсыңдар”, “Рахмет”, “Суға қалай құлап кетпеген. Құтқарушылар жарады, малды мұндай жайылымға жіберуге болмайды”, – деп жазды желі қолданушылары.
Талқылау
Пікір