Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200-ге жуық милиционер келді: Атамбаев жақтастары мен милиция арасындағы қақтығыс

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы резиденциясында тағы да қақтығыс басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

милиция

Үйдің маңына 200-ге жуық милиционер тартылды. Атамбаев жақтастарының саны олардан екі есеге артық.

Тәртіп сақшыларына тас пен Молотов коктейлі лақтырылды. Ал милиция жарық-дыбыстық граната қолданған. Бұдан соң, Атамбаевтың жақтастарының күші кем түсе бастады.

7 тамыз күні кешке Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Экс-президенттің резиденциясы орналасқан ауыл Бішкек қаласынан 20 шақырым қашықтықта. Атамбаевты ұстау операциясын елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы жүргізген. Олар бұрынғы президенттің үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, резеңке оқпен ата бастаған.

Күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде Атамбаевтың жақтастары үйге кіріп, арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алған. Жергілікті тұрғындар мен Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақ сарбаздарына тас лақтырып, жағдай ушыға түсті. Артынша атыс басталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, 52 адам зардап шекті. Арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болды.

Талқылау