AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"200 бас қой суға тұншығып өлген": Түркістан облысында нөсер жауын елдімекендерді шайып жібере жаздады

Түркістан облысындағы ауылдар тасқын судың салдарымен күресіп жатыр. Бар-жоғы жарты сағат жауған жаңбыр елдімекендерді шайып жібере жаздаған. Әсіресе Қазығұрт ауданындағы жағдай ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Бір ауылдың қойын бағатын малшының қорасындағы 400 бас қойдың 200-ден астамы суға тұншығып өлген. Үйін сел басқандар жаппай эвакуацияланған.

Қызыл судан енді ес жинай бастаған тұрғындар бұған су арналарын бітеп тастаған билік басындағыларды кінәләп отыр. "Көңіл көтереміз" деп тойға жиналған жұрт мейрамханаға лап қойған сумен алысуға шамасы келмей, үстелдердің үстіне шығып аман қалдық деп тұр. Кешқұрым басталған жауын әп-сәтте сай-саланы басып, ауыл ішін астаң-кестеңің шығарған.  

Төпелеген жауыннан бас-аяғы жарты сағатта Қазығұрт ауданындағы бірнеше ауылда су деңгейі жарты метрге дейін көтерілген. Сарапхана ауылының малын бағатын малшының қорасындағы 400 бас қойдың 213-і  тұншығып өліпті. Қып-қызыл шығынға батқан шаруа құтқарушыларды шақырғанымен, олар сорғының жоғын айтып көмек көрсетуден бас тартыпты.

“Су мына жерге дейін келді. Не істерімізді білмегеннен кейін балашағамызбен жүгіріп келіп есікті аштық. Болмағаннан кейін жұртты шақырдық, малдың бәрін тартып шығардық. Өлгені өліп, қалды осы жерде. Дуалды бұзғаннан кейін су сол жаққа қарай ақты. Халыққа рақмет, халық өзі келіп көмектесті. Болмаса мал өзі кететін еді”, – дейді Қазығұрт ауданының тұрғыны Ғазиза Батырханова.

Ауыл тұрғындары кешелі бері кетпен-күрекпен сел суымен алысып жатыр. Қырда судан аман қалғандар қиын жағдайдағы отбасылардың үйі мен ауласын балшықтан тазартуға көмектесіп жатыр.

Қазығұрттың төмен сайлы жерінде орналасқан ауылдарда бұл жағдай екі-үш жыл сайын қайталанатын болған. Жауын екпіні күшті болса, үйлерді демде су басып, ертесіне сел суымен күресуге өздері шығады. Мәселен, балшық басқан баспаналар мен көшені лайдан тазартуға енді бірнеше күн өздері тырбаңдауға мәжбүр.

Жертөлесі суға толған тұрғындар үйіне алаңдап жүр.  "Төтенше жағдайлар қызметі, тым болмаса. суды сорғытып берсе", - дейді.

“Біздің әкімдер не қарап отыр? Білмеймін, не сорғызатынын. Осы әр екі жыл сайын қайталанады. Не қораны, не жертөлені сорғыза алмайды. Не бір көмегі жоқ. Өстіп жүреміз, балашағамызбен қырыламыз. Сорғызбаса там құлайды, құламаса іші көгереді”, – дейді Қазығұрт ауданының тұрғыны Айша Кененбаева. 

Таулы аймақта орналасқан Қазығұрт ауданының ауылдары сел қаупі бұрыннан бар екенін айтады. Сол үшін тіпті су қашыратын жүйелер де болған екен. Бірақ соңғы жылдары жергілікті шенеуніктер "жол саламыз" деген желеумен арналарды бітеп тастады дейді тұрғындар.

“Мына жерде тунель бар еді дәу. Бұл тесіктауды жауып тастап, анау тесіктауды ашып тастады. Мен қарсы болдым, тыңдамай жауып тастап, ананы қазып берді. Мен айтып шырылдадым. "Су басады" деп едім, ешкім тыңдамады. Аудан әкімі де болды бұл жерде, ауыл әкімі де болды”, – дейді Қазығұрт ауданының тұрғыны Нұрғали Қоңыратбаев.

Ал шенеуніктер су басқан үйлерді "тазартып жатырмыз" деп есеп беруде. Жарты сағатта 19 милиметр жауын түскенін айтқан олар әзірше шығын көлемін есептеуде. Өлген малды  санап шығу да жергілікті биліктің құзыретінде.

“Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланды. Бүгінгі таңда эвакуацияланғандар тұрғылықты жеріне қайтарылды. Сондайақ үй жануарларының шығыны туралы ақпарат келіп түсті. Ол шығын қазір анықталуда”, – дейді Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.

Облыс әкімінің тапсырмасымен Қазығұрт және Сарыағаш ауданындағы тасқын салдарын жою бойынша арнайы комиссия құрылды. Өмірзақ Шөкеев елдімекендерді судан тазартып, тұрғындарға көмектесуді тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр