Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 жылдан кейін кешірім сұрады": Анна Данченко базарда жұмыс істеген кезін еске алды

Танымал журналист Анна Данченко мектеп кезінде базарда көкөніс сатқан кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бейтаныс әйел інісінің қылығы үшін кешірім сұраған.

“Мен бұл хатты оқып қатты таңғалдым, себебі бұл жағдай расындада басымнан өтті. Бірақ ол жайлы мен ешкімге айтқан жоқ едім. Қателеспесем, ол кезде мен 9-сыныпта оқимын. Әкем – жұмыссыз , ал анам балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеп жүрген еді. Сол кезде жарты жылдап айлық төленбей, біз секілді көптеген отбасы ақшадан қысылды. Күн көру керек. Үйіміздің ауласында кішігірім бау-бақша егіп, қияр, қызанақ, аскөк өсіретінбіз. Аралда ауыз су мәселесі де өзекті еді. Көкөністі суару үшін 3 метр тереңдіктегі құдыққа түсіп, тамшылап тұрған суды бақырашпен шелекке құйып, суық және ылғал жерде сағаттап отыратынмын. Солай жаз бойы бақшамен айналысып, көкөністі базарға барып саттық. Ара-арасында ауылдағы кафелерге апаратынмын. Аскөк шоғыры бар-жоғы 10 теңге тұратын. Кафедегілер бірден 2-3 данадан сатып алатын.
Сөйтіп, бір күні укропты сатып аламыз деген кісілер артынша алмай, қолымда 10 шоғыры сатылмай қалды. “Енді үйге қалай барам? Нан алатын ақша жоқ қой”, – деп уайымдап қалдым. Жолда АЗС көріп, ұсынып көрейінші дедім. Терезені қағып едім, бір жігіт ашып: “Не керек?” деп сұрады. “Укроп алмайсыздар ма? Өзіміз өсіреміз” деген едім, айқайға салып, мені боқтап жіберді. 
Мен қатты ыңғайсызданып, ұялып қалдым. 15 жастамын ғой. Не істерімді білмей, көзімнен жас тамады… Соны байқаған үлкен кісі көлігінен шығып: “Қызым, жылама, үшеуін алайын” деді. Қолымдағы ақшамен үйге жүгіріп бардым. Барлығын сата алмасам да, ата-анама кішкене болса да көмектесе алғаныма қатты қуандым. Кейін де ол жігітті көріп жүрдім. Бірнеше рет мазақ етіп: “Укроп бар ма?” деп мысқылдап күлетін”, – деп еске алады журналист. 

Айтуынша, ол оқиғаның өткеніне 20 жылға жуық уақыт өтсе де, санасында қалып қойған.
“Уақыт өтті. Ол күндер де ұмыт болды. Белгісіз жаннан хат келіп, көп сәт еске түсті. Мен ешкімге ренжімеймін. Бірақ ол әйел адам менен не үшін қазір кешірім сұрап тұрғанын түсінбедім. Ең бастысы, жүрегі таза жан екен, өзі үшін емес, інісінің қателігін түсініп, бір ауыз айтайын деген шығар”, – дейді тележүргізуші. 

Талқылау