"20 жыл өтті": Қайрат Нұртас Орталық стадионда жеке кешін бермек
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хитмен Қайрат Нұртас Орталық стадионда концерт береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында хабарландыру жариялады.
“Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездескелі тұрмыз. 20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолындағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз! Кездескенше, сүйікті тыңдарман! Мен сені күтемін", – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының концертін қызу талқылап жатыр.
"Бұйырса барамыз", "Легенда оралды", "Бұған бір рилс салса да жетеді, бір стадионды жинап алады", "Стадион тек Қайраттарға рұқсат қой", "Кім не десе де легенда ғой", “Отбасын түгел алып шықсын”, “”- деп жазды олар.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”