Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы қыз аяғының ұзындығы бойынша рекорд орнатты (фото)

Америкада аяқ ұзындығы бойынша жаңа рекорд орнатылды. Оның иесі – 20 жастағы Холли Бер. Оның аяғының ұзындығы – 126 см, ал бойы – 196 см.

“Кішкентай кезімде мені бәрі “ағаш”, “жираф” деп мазақтайтын. Бірақ, Нью-Йоркке келгеннен кейін бәрі жақсы жағына қарай өзгерді”, – дейді Холли.

Әрине, аяғының шектен тыс ұзын болуы оны тұрмыстық қиындықтарға да тап қылып жатады. Мәселен, шопинг жасағанда қиналады: дүкендерден өзіне сай келетін шалбарды табу тіпті қиын. Сосын ол көлікте және ұшақта отырғанды ұнатпайды, себебі аяғы біраз қолайсыздық тудырады.

Ол өзі секілді аяғы ұзын Лорен Вильямспен танысқысы келді. Оның аяғының ұзындығы – 124 см, ал бойы 180 см болған. Ол алғаш рет Вильямс туралы Фейсбуктен біліп, кейін салыстыру бойынша өз аяғын да өлшеп көрген.

Қазір Холли өзін сән әлемінде сынап көргісі келіп жүр. “Есейген сайын менің аяқтарым маған табыс әкелетінін түсініп жатырмын” дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Смартфонның сынып кетуінің 5 себебі

Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?

Қолын лифт жұлып кеткен 8 жасар қыз үйіне дейін бір километр жүгіріп барған

Жұбайлар даяшы қызды оның барлық қарызын жауып қуантты

Талқылау