20 жастағы жігіт жолдан өткендерге шабуыл жасап, адам өлтірді
Алматының "Теректі" шағын ауданында өтіп бара жатқан жолаушылар бірнеше пышақ жарақаты салынған ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлайды Алматы полиция департаменті.
Алматы полиция департаментінің ақпараты бойынша, сарапшылар өлтірілген адам денесінен 10-ға жуық пышақ жарақатын тапқан. Полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Өзімен бірге төлқұжаты болған. Тергеу жүргізу барысында мамандар қылмыстың куәгерін тапқан.
Оның айтуынша, кетіп бара жатқанда екі пышақпен қаруланған белгісіз адам шабуыл жасаған.
Куәгерде де бірнеше пышақ жарақаты болған. Бірақ олар денсаулыққа қауіпті емес болып шықты.
Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын. Тәжірибесі бар токсикоман екен. Жауап алу барысында жас жігіт препарат қабылдағаннан кейін қатты галлюцинация басталғанын айтқан.
Күдіктінің бұрын "тонау" бабы бойынша сотталғаны белгілі болды.
Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
