Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 мың доллар пара берді деп айыпталған шенеунік жаңа қызметінде 3 күн ғана отырған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, Алмат Ермағамбетов оның жаңа қызметі жайлы жарияланып кеткен соң жұмысынан кетті.

chin

Жақында бұрынғы мемлекеттік қызметкер Алмат Ермағамбетовтың жаңа қызметке тағайындалғаны жарияланған еді. Алайда денсаулық сақтау басқармасында бұл ақпаратт жоққа шығарды, деп жазады Диапазон.

«Ол қазір еш жерде жұмыс істемейді. Соңғы айда 3 күн ғана жұмыс істеген. Кейін қызметтен кету жөнінде арыз берді. Өйткені сіздер ол туралы қайта жаза бастадыңыздар», – дейді Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау басқармасының экс-қызметкері Ермағамбетов балаларын бала-бақшаға орналастыру үшін 20 мың доллар алаяққа пара (сот шешімі) берген. Сотта адвокат ақшаның пара емес, балаларды курс оқытуға берген ақша деп ақтады. Облыс әкімінің сынынан соң Ермағамбетовты қызметінен қуды.

Кейіннен шілде айының соңынде Ермағамбетов «Ақтөбе медициналық орталығының» басшысы қызметіне барған еді.  Ол жерде үш күн ғана қызмет атқарды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде кафеге келушілер 2500 теңге үшін әкімшіні өлтіріп, үш-ақ жылға сотталды

Адасып қалған студент қыз орманда бір ай бойы саңырауқұлақ пен жидек жеп күн көрген (фото)

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Талқылау