AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қой үшін: Оралда кәсіпкерді бопсалап, пышақтап өлтірген күдікті сотталды

Ал Оралда кәсіпкерден қой бопсалап, пышақтап өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды. Бірақ марқұмның туыстары сот үкімімен келіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, бұл қылмысқа қатысы бар оның сыбайластары жазадан құтылып кеткен. Сот материалдарынан белгілі болғандай, шаруа қожалығының иесі Серік Мұхамбетьяровты әлдебір танысы түн ішінде үйінен алып кеткен. Оны оңаша жерге апарып, он екі рет пышақтаған көрінеді. Ауыр жараланған шаруа осылай кісі қолынан қаза тауыпты.

Марқұмның туыстары қылмыскер жалғыз еместігін айтады. Олардың сөзінше, қылмыскерлер топ болып ұйымдасып, ер адамды осыған дейін де мазалап, қой беруін талап еткен. Бірақ бопсаға көнбеген Серікті ақыры өлтіріп тынды, дейді. Енді олар Жоғары сотқа шағымданбақ.  

“Сол бесеуі ештеме көрген жоқпыз, тек қана Мауышов болды, Мауышов өлтірді деп отыр. Ал мен оған сенбеймін. Өйткені менің жолдасым әлді, ұзын бойлы. Мауышовты көріп тұрсыздар. Жас адам. 20 минуттың ішінде болған оқиға дейді. 20 минутта бір адам 11 жерден соншама жарақат салуы мүмкін емес. Ешқандай әділдік жоқ. Телефоны табылған жоқ, қалтасында ақша табылған жоқ”, – дейді марқұмның жұбайы Нұрзия Мұрзалиева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр