Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 картинасы Лувр мұражайына қойылған қазақстандық қыз

32 жастағы бұл бойжеткен тағдыр ауыртпалығын ертеден сезінген. Дүниеге келген күннен бастап Анардың есту қабілетінде кемістік бар. 7 жасында ол құлағында ақауы бар балаларға арналған мектеп табалдырығын аттаған. Ал бүгінде ол 20 картинасы Франциядағы әйгілі Лувр мұражайына қойылған атақты суретші.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Анар Абжанова – пейзажист-суретші, “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы.

Жақындарының айтуынша, Анар сөйлемей тұрып сурет сала бастаған. 1998 жылы анасы Анарды құлағында кемістігі бар балаларға арналған өнер мектебіне ертіп апарған. Алексей Уткин мен ГаБо Құсайыновтар жетекшілік еткен мектепте Анар сурет салу өнерін тереңінен меңгерді. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында білімін шыңдады.

“Сурет салу өнері – менің өмірім. Адам өз мақсатына жете білуі тиіс. Менің ең ізгі арманым – өнер арқылы Отанымды жақсы жағынан таныту”, – дейді Анардың өзі.

Бүгінде ол Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, сондай-ақ, халықаралық байқаулардың лауреаты әрі жеңімпазы. 2014 жылы ол еуропалық Биеннале «EUROPA ARTE» байқауының лауреаты атанды. Ал 2015 жылы Италияда  Sandro Botticelli жүлдесіне ие болды. 2016 жылы мәдениет саласы бойынша мемлекеттік стипендия иегері атанды. Анар – небәрі 25 жасында бүкіл әлемді мойындатқан қазақ қызы. Оның 20 бірдей картинасы Франциядағы әйгілі Лувр мұражайына қойылған.

Тағы оқыңыз: 

Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

Нәзік жандыларды жиі сомдайтын Адамбай сынға ілікті

Қалаулымның символы: Атышулы Замира жобамен қош айтысты (видео)

Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды

Талқылау