Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалаулымның символы: Атышулы Замира жобамен қош айтысты (видео)

Балағат сөздері мен ерсі әрекетімен танылған атышулы Замира “Қалаулым” жобасымен қош айтысты. Күні кеше тікелей эфир барысында жүргізуші Аша Матай ортақ шешімді хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Қалаулымның символы: Атышулы Замира жобамен қош айтысты (видео)

Болашақ жарын сол күйі таппаған Замира жобамен қош айтысатынын білген кезде көзіне жас алып, тіпті талып қала жаздады. Аша Матай оны жұбатуға тырысып, Замираның шын мәнінде “Қалаулым” жобасының символына айналғанын атап өтті.

Ал Замира қоштасу сөзін айтып, жобадағы жалған пиаршиктерден шаршап кеткенін мәлімдеді. Ол эмоцияға берілетін жан екенін алға тартып, ерсі әрекеттерін ақтап алуға тырысты.

“Жасым болса 30-ға жақындап қалды. Мені жаман жағымнан білесіздер, бірақ мен жақсы қызбын. Менімен бақытты болатын азаматты іздеймін”, – деді ол.

Айта кетейік, Замира 18 жасында тұрмысқа шығып, ажырасқан. Ол жобадағы ең танымал қатысушылардың бірі. Көпшілік оны бейәдеп қылығымен таниды.

Дұрыс шешім болды ма? @kalaulym_.show

Публикация от Қалаулым ❤ (@my_kalaulym)

Тағы оқыңыз: 

Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды

Қайрат Нұртастың төрт баласы әжелеріне видео-құттықтау жолдап, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Мәдина Сәдуақасова құрылысы бітпеген үйге қонаққа кіріп, үй иелерін таңғалдырған

Ән айтайын ба? Айсәуле Бақытбек вокалдық қабілетін көрсетті (видео)

Талқылау