Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың төрт баласы әжелеріне видео-құттықтау жолдап, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Гүлзира Айдарбекова – 50 жаста! Күні кеше танымал продюсерді барша қазақстандықтар мерейлі жасымен жарыса құттықтады. Олардың қатарында Қайрат Нұртастың төрт бірдей перзенті де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртастың төрт баласы әжелеріне ерекше құттықтау жолдап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Сезім, Алау, Нарұл және Хан! Немерелері қосыла ән шырқап, апаларына деген ақ тілегін жеткізді.

“Денсаулығыңыз зор болсын. Аспанда қанша жұлдыз болса, сонша жасыңыз толсын. Аман болыңыз. Туған күніңіз құтты болсын. Апа, біз сізді жақсы көреміз”, – деп хормен айтқан Қайраттың балалары желідегілерді сүйсіндірді.

Ал алғаш рет немерелерін жұрттан жасырмай, қуанышымен бөліскен Гүлзира Үсенқызы болса:

“Осыдан асқан бақыт жоқ шығар. Аллам өмірлерін ұзақ етіп, тіл-көз, бәле-жаладан сақтасыншы”, – деді.

Тағы оқыңыз: 

Қайрат Нұртастың 3 жасар ұлы әжесіне ерекше құттықтау жолдап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Бойы екі метрден асатын қазақ әншісі төсек шақ келмей, қиналып жүр (видео)

Мәдина Сәдуақасова құрылысы бітпеген үйге қонаққа кіріп, үй иелерін таңғалдырған

7 жасар ұлын имандылыққа баулыған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау