Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 градус аяздағы ғажайып: Нәресте бір тәуліктен аса үйінді астында аман қалды

Магнитогорскте үй астынан 11 айлық Ваня есімді ұл бала табылды. Оның анасы да 3 жасар баласымен бірге подъезд астынан аман шықты.

Бұл туралы баланың әпкесі хабарлады.

Оның айтуынша, жарылыс кезінде үлкені төсекте ұйықтап жатқан. Ал, анасы кіші ұлын көтеріп тұрған. Жарылыстан соң қолындағы баласының қайда қалғанын білмей қалды. Зардап шегушілер аурухананың жансақтау бөліміне түсті.

Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланы үздік дәрігер-реаниматологтар, бас неонтолог қарауға алды. Қажет болған жағдайда Мәскеуге ауыстырылады.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні Магнитогорскте 10 қабатты үйдің подъезі жарылды. Газ жарылысынан 25 пәтердің күл-талқан шығып, 10 пәтер жартылай опырылды.

Мәліметке сай 8 адам көз жұмды. 36 адамның тағдыры белгісіз. Құтқарушылар нысанның құлау қаупі болғандықтан құрбандарды іздеу жұмысын тоқтатып қойды.

ТЖМ 10 айлық баланы құтқарған сәттің кадрын жариялады. Сәби 30 сағат подъезд астында қалып қалған. Дәрігерлер оның ауыр жағдайда екенін айтты. Бала суықтап қалған. Аяғы үсіген, сынған. Жабық бас-ми жарақатын алған.

Дәрігерлер баланың ғажайыптың күшімен аман қалғанын айтуда.

«Бала матрасқа құлап, үстіне көрпелер құлаған. Соның көмегімен үсіп кетуден сақтап қалды. Басын аздап шкаф қысып қалған», – дейді «Лидер» атты апатты жағдайда алғашқы көмек көрсетуші басқарманың басшысы Пётр Гриценко.

Ресейдің Денсаулық Сақтау басқармасының тапсырмасымен Мәскеуден үздік дәрігерлер ұшып шықты. Бала Мәскеуге жеткізілетін болды. Баланың анасы үлкен баласымен ауруханада жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр