Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 жыл бойы сүйіктісінің отбасы барын білмеген бойжеткен оған хат жазды

Сүйіктісіне алданып қалған бойжеткен қатты қиналып жүргені туралы айтып жатыр. Екі жылдан бері жүріп жүрген жігіті өзінің отбасы бар екенін айтпаған. Енді ол бар күш-жігерін жинап, әлгі жігітіне жұрттың алдында хат жазды. Хаты “Қорқаққа жазған хатым” деп аталады.

3BBF23FE00000578-4079104-Heartbroken_The_man_had_met_her_friends_attended_her_brother_s_w-a-7_1483231867786

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

“Сен – нағыз өтірікшісің. Бар шындықты жасырып, талай түндерді менің қойнымда өткіздің. Нағыз эгоиссің. Менің сендік болғанымды қаладың. Шындықты білген жағдайда, сенен бас тартатынымды да жақсы білдің. Болашақта бірге болатынымызға сендірдің. Телефон арқылы той болатын күнімізді белгілегеніміз есіңде ме? Менің есімде.

Көп нәрсенің себебін енді ғана түсініп жатырмын. Сен өзіңді шексіз сүйетін жанды алдадың. Менің отбасымды да алдап келдің. Менің жақындарыммен еркін араласуға қалай ғана дәтің барды?! Сөздің ашығын айтқанда, сен мені пайдаландың. Тіпті менің ағамның тойына барып, ата-анамның саған деген ыстық ықыласын пайдаландың”, – деп жазады бойжеткен өзінің хатында.

3BBF241200000578-4079104-_You_let_me_believe_in_our_future_He_even_planned_their_wedding_-a-8_1483231867787

Қос ғашық үйленген соң қайда тұратындарын да жоспарлап қойған екен. Алайда мұның барлығы жалған болып шықты. Бойжеткен өзінің есімінің сүйіктісінің телефонында басқы тілде жазылуының себебін енді ғана түсініп жатыр. Ол әлгі жігітке қатты ашуланса да, оған деген махаббатын сөндіре алмайтынын айтты. Десе де басқа жігітпен болашағын құрастыруға дайын екенін де жасырмады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)

Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)

Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған

Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)

Егіз қыздар бір жігітке тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Талқылау